Қызылжар орта мектебі 2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдығына әлеуметтік педагогтың
ЕСЕБІ
Мен, Ахметбекова Камшат Кадиржановна, 2018-2019 оқу жылынан бастап әлеуметтік педагог қызметін атқарамын. Мектебімізде жалпы 309 оқушы бар. Жыл басындағы мұғалімдердің тізім жасау тексерісі нәтижесіндк көп балалы 31 отбасы, онда тәрбиеленіп жатқан балалар саны – 130, оның ішінде 81 бала біздің мектептен білім алатындығы анықталды.
Жыл сайынғы дәстүрлі барлық оқушыларды біліммен қамту мақсатында өткізілетін «Мектепке жол» акциясында біздің мектеп те қарап қалмады. Тамыз айының 2-сі мен 31-і аралығында өткен акцияда мектебіздің 9 оқушысы барлығы 59 мың сомманы құрайтын киім-кешектермен және оқу-құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Бұл 9 оқушы «Қамқоршылық кеңес» мүшелерімен ақылдаса отырып, көмекті қажет ететін, құжаттары тапсырылған отбасылардан бір-бір баладан таңдалып алынды. Акция бойынша қол ұшын созып, демеушілік танытқан аудандық маслихат ұжымына, жеке кәсіпкерлер «Данара» дүкенінің иесі Данара ханымға, «Қызылжар» дүкенінің қожайыны Қабдысәлім мырзаға, «Алтай» дүкенінің иесі Асем ханымға және осы кісілерді демеушілікке тартқан Қабанбай ауылдық округінің әкімі А.Мурзагельдиев мырзаға мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.
Желтоқсан айына жоспарланған «Қамқорлық» акциясына орай жәрмеңке ұйымдастырылып, әр оқушы үйден жасап әкелген тағамдарын арзан бағада сатыпғ түскен ақшаға 5 оқушы 60 мың теңгені құрайтын киім-кешекпен қамтамасыз етілді.
АДС ДЖЙУ-ДЖИТСУ үйірмесінің жетекшісі Мұхит ағайдың және асхана меңгерушісі Лада Владимировна ұсынған сыйлықтар көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 32 оқушыға, аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан 3 оқушыға, мүмкіндігі шектеулі 2 оқушыға таратылды, яғни барлығы 37 оқушыға сыйлық берілді.
Аудан әкімінің шыршасына 1-сыныптардың 2 оқушысы жолдама алды. Шырша өте көңілді өтті және балаларға қатты ұнады. Көңілді кештің соңынан оқушыларға сыйлықтар үлестірді. Екі оқушы қалың қыстық курткамен, аяқ киіммен, бас киім жіне оралғымен қамтамсыз етілді.
Сонымен қатар құжаттарын тапсырған отбасы балалары тегін тамақпен қамтамасыз етілуде. Биылғы оқу жылында жалпы біліммен қамту қорынан 1 бала тегін тамақтанса, биылғы оқу жылында 15 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Және 5 оқушы асхананы жалға алушы жеке кәсіпкер Лада ханымның есебінен, 2 оқушы «Қамқоршылық кеңес» төрайымы Айнаш Оразхановнаның есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылды. Сонда мектебімізде биылғы оқу жылында 22 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Тегін тамақтануға рұқсат алу үшін төмендегі құжаттарды тапсырамыз:
1.Өтініш (менде үлгісі бар);
2.Ата-ананың жеке куәліктерінің көшірмесі;
3.Балалардың куәліктерінің көшірмесі;
4.Неке туралы куәліктің көшірмесі;
5.Көпбалалы ана не әке құжатының көшірмесі:
6.Кіріс туралы (жалақы) анықтама.
Қосымша сұрақтарыңыз болса 8(747)450-50-26 номеріне хабарласуларыңызды сұраймын.