Текст
AUYLREACH – әлеуметтік осал топтар мен ауылдан шыққан оқушыларға көмек көрсетуге бағытталған қазақстандық қайырымдылық жоба. Жобаның аясында мектеп оқушыларына кәсіби бағдарлау, оқу орнын таңдау және оқуға түсуге дайындық бойынша тегін көрсетіледі.
Жобаға кім қатыса алады? - Ақмола облысының аумағындағы ауылды мекендерде орналасқан мектептерде білім алатын 11 сынып оқушылары; - Әлеуметтік осал топтардан (аз қамтылған, көпбалалы, жетім балалар, жалғызбасты ана/әке балалары) шыққан 11 cынып оқушылары. ! AuylReach жобасына қатысу үшін оқушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын заңды өкілдері тиісті растаушы құжат тапсыруға міндеттеледі.