«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл – достықтың тірегі» атты Қазақстан халқының тілдері мерекесі онкүндігінің есебі

     Қазақстан халқының тілдері мерекесі қазіргі уақытта 5-қазан Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай тойланады. Сол мерекеге байланыста қазақ тілі мамандары бірлесе отырып, жоспар құрылды. Жоспар бойынша барлық іс шаралар жүзеге асырылды.

    5.09.2022 күні «Тіл-достықтың тірегі» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Онда тіл туралы, Ахмет Байтұрсынұлы туралы баяндамалар тыңдалып, өлеңдер оқылды. Мектеп дщиректоры Нұрзат Қанатұлы мектеп оқушыларын және ұстаздарды мерекемен құттықтады. Және осы күні «Ахмет-ұлт ұстазы» атты көрме ашылды.

     6.09.2022 күні кітапханашы Регина Рифхатовна мектеп кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен «Алаштың ардақтысы» атты көрме ұйымдастырып, оқушыларды таныстырды. 

     6.09.2022 күні аға тәлімгер Айда Ғалымжанқызы «Тарихи тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы» атты бейнебаян көрсетілімін жүргізді. Онда оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының  өмірімен, еңбектерімен, басқа да тың деректермен танысты.

     06.09.2022 күні технология пәні мұғалімі Бақытжамал Айтжановна «Ахмет-мысалшы» атты суреттер көрмесін өткізді. Оқушылар Ахмет аталарының мысалдарымен танысып, талдап, ондағы негізгі ойды қылқаламның құдіретімен қағазға түсірді. Суреттер көрмеге қойылды.

07.09.2022 күні қазақ тілі мамандары жалпы мектепшілік «Тіл-халық қазынасы» тақырыбында диктант алды. Диктантқа 5-10 сынып оқушылары қатысты. Диктант оқылып, сауатты жазылды, диктант соңынан оқушылармен пікір алмасу жүргізілді.

07.09.2022 күні дене шынықтыру ұстаздарының ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Оның ішінде бес асық, асық ату, тоғызқұмалақ ойындары қамтылды.

https://www.instagram.com/reel/Cij6OtTjTKi/?igshid=ZjE0ZGRhNjQ=

8.09.2022 күні МАД сыныптарының арасында «Бала тілі - бал» тақырыбында кішкентай бүлдіршіндермен сұхбат жүргізілді.

https://www.instagram.com/reel/CiPnRHkt2Uj/?igshid=MDJmNzVkMjY=

https://www.instagram.com/reel/CiRenPjMwJw/?igshid=MDJmNzVkMjY=

        08.09.2022 күні Асем Жумагуловна мен Нургул Сабыржановнаның ұйымдастаруымен «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» атты жаңылтпаш оқу сайысы өтті. Сайысқа 1-4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар жатқа жаңылтпаш айтудан, оны қайталап сайысты. «Жаңылмаған» оқушы жеңіп шықты.

08.09.2022 күні орыс тілі мамандары Сауле Жаксылыковна мен Гулден Кожабековнаның ұйымдастыруымен «1001 мақал – 101 жұмбақ» сайысы өтті. Сайысқа екі команда қатысты. Сайыс барысында командалар мақалдың жартысын тауып, жұмбақ шешіп, шешуін үш тілге аударып сайысты. 

09.09.2022 күні ағылшын тілі мамандары Ақмарал Дауренқызы мен Маржан Аргынбаевнаның ұйымдастыруымен «Quiz please»  сайысы өтті. Сайыстың мақсаты оқушылардың логикасын дамыту,  ағылшын тілінен сөздік қорларын байыту, тілге деген қызығушылықтарын арттыру, топ болып жұмыс атқаруға бейімдеу. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Қызықты әрі тартымды өтті.

12.09.2022 күні Ақайша Сейтмұратқызы мен Айнұр Бағыланқызының ұйымдастыруымен "Ахмет ата мысалдары сахна төрінде" атты кеш өткізілді. Кеш барысында Ахмет атаның өмірінен, Ахмет ата мысалдарынан көріністер қойылды. Көріністі қойып қана қоймай, оқушылар оның мағынасын аша білді

Тілдер онкүндігі барысында «Ахмет оқуларын оқу» челленджі басталып, жалғасуда.

https://www.instagram.com/p/Ciaf9h0tbIL/?igshid=ZjE0ZGRhNjQ=

12.09.2022 күні бастауыш сыныптар арасында «Қазақ тілім – байлығым» атты суреттер байқауы өтті. Байқау тіл туралы өлеңдер оқылып, сол өлеңдердің мазмұнына қарай оқушылар сурет салды. Кейбірі еркін сурет салды. Үздік шыққан туындылар марапатталды.

13.09.2022 күні 8-11 сыныптар аралығында  Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай эссе байқауы өтті. Байқауға белсенді оқушылар ат салысып, Ахмет аталарын әр қырынан талдай алды. Үздік оқушылар марапатталды.

14.09.2022 күні музыка пәні мұғалімі Асем Мейрамбекқызының ұйымдастыруымен  «Әнім сенсің, туған жер!» атты ән байқауы өтті. Байқауға барлық сынып оқушылары ат салысты. Жеңімпаздар марапатталды.

15.09.2022 күні Камшат Кадиржановна мен Айсұлу Мадинашқызы аймақтық дебат турнирін өткізді. Дебатқа 6 команда қатысып, Қабанбай орта мектебі үздік болып танылды. Ол командалардың арасынан үздік спикерлер анықталды.

15.09.2022 күні «Ана тілің – арың бұл» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында Айтолқын Амангелдіқызы мен Назымгүл Хабидуллаевнаның ұйымдастыруымен өлең оқу сайысы өтті.  Сайыстың қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды.

16.09.2022 күні «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» тақырыбында тіл мамандарының ұйымдастыруымен әдеби кеш өтіп, қорытынды жүргізіліп, белсене ат салысқан оқушылар марапатталды.

 

 


Текст