Наурыз айының 26 күні Қызылжар орта мектебінде директордың ғылыми- ісі жөніндегі орынбасары Хамзина Гулден Қожабекқызының ұйымдастыруымен мектепішілік «Үздік педагог-2021» байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: үздік мамандарды анықтау, олардың ұстаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқаудың бағдарламасы төмендегідей болды:
І кезең- «Менің кәсіби ұстанымым»
ІІ кезең- «Шығармашылық зертхана»
ІІІ кезең -«Шебер- сынып»
ІV кезең- «Эссе»
V кезең - «Портфолио»
Қазылар алқасының төрағасы Б.А.Камиев, мүшелері: Хамзина Г.К., Бажиева Г.А., Муканбеталина Б.С., Амангелді Н.К. шешімі бойынша байқаудың нәтижесі төмендегідей болды.
Бас жүлде иегері болып- тарих пәнінің мұғалімі Қали Айгул Талғатқызы марапатталып, аудан көлемінде өткізілетін «Жыл мұғалімі-2021» байқауына жолдама алды. 1 орынды- музыка пәні мұғалімі Мейрамбекқызы Әсем, 2 орынды- информатика пәні мұғалімі Искаков Берик Муратович, 3 орынды- бастауыш сынып мұғалімі Джумабаева Нургуль Сабыржановна иеленді.