Текст
Наурыз айының, 29 күні Қызылжар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде "Латын әліпбиіне көшу- заман талабы" тақырыбында бірлестік жетекшілер мен ДҒІЖО ұйымдастыруымен коучинг өткізілді. Коучингтің негізгі мақсаты: латын әліпбиінің қыр-сырын меңгеруге ұстаздарды жетелеу.
Латын әліпбиінің шығу тарихы жайында БЖ А.Р.Жұманбаева баяндамасын оқып, Жаңа қазақ әліпбиімен А.Ғ.Каскатаева таныстырып өтті. Коучинг соңында мұғалімдер "Әлихан Бөкейханға 155 жыл" тақырыбында диктант жазды. Болашақта Латын әліпбиін меңгеруге барша ұстаздар тарапынан қыр-сыры меңгеріліп түсідірме жұмыстары жүргізілді