15.10.2021
Бүгін мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжымы және мектеп қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке қатысқан барлық қызметкерлер карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып, мектептің сыртқы аймақтарының тазарту жұмыстарына белсене ат салысты.
Сенбілік барысында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда: мектептің барлық аймақтары, спорт алаңының аймақтары мектеп ұжымының күшімен ескі жапырақтан, сыпырылып, тазаланды."Біріге көтерген жүк жеңіл» демекші, бүгінгі сенбіліктегі барлық жұмысты ұжым болып бірге атқардық.