Қыс - балалар үшін өте қызық, балалар бұл жыл мезгілін асыға тосады.
Біздің оқушылар үшінде қар қалашығында қардан әртүрлі мүсін жасау дәстүрге айналып келеді. Бұл шараның басты мақсаты - балалардың қиялы арқылы еңбек сүйгіштікке, ұжым болып еңбек етуге, адал достыққа тәрбиелейді. Шығармашылық ой өрісін, қиялын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында орындалды. Қардан, мұздан жасалған әртүрлі мүсіндер айналаны әдемі қиялға, ғажайып бір ертегі әлеміне көз шалғандай әсер етеді.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.