Текст
Сізді Жаңа 2022 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Келер жаңа жыл сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін! Сіздің кабинеттерді соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықтау жолында жасаған демеушілігіңіздің арқасында өткен жыл біз үшін де толағай табыстарға толы болды. Еліміздің ертеңі – жас ұрпаққа жасаған қолдауыңыз оқушыларымызға білім жолында биік шыңдарды бағындыруға жасаған ықпалыңыз деп білеміз.
Көрсеткен демеушілігіңізге алғысымызды білдіре отыра, Сізге зор денсаулық, қуаныш мен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, шуақты күндер тілейміз!