Текст
Қазақстанда жағдай аса қиын. Еліміздің болашағы сын сағаттар алдында тұр. Ғимараттар мен қарапайым халықтың және кәсіпкерлердің мүлкі бүлінуде. Адам өміріне қауіп төндіру, оның жанын алауға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл бейбіт шеруге ұқсамайды. Өз қолымызбен тұрғызылған дүниені бұлай оп-оңай құлатуға жол бермейік. Тәуелсіздік – еліміздің ең басты байлығы, Тәуелсіздік біздің жадымызда мәңгілік сақталуы қажет. Еліміз аман болуы үшін, ҚР Президентінің үндеуіне құлақ салып, қолдау білдірейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!