«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

11.01.2022

     Қасым-Жомарт Тоқаев: Бірақ бізге керегі - тек ақиқат қана

    Парламент Мәжілісінің отырысында сөз алған Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған  Премьер-Министрге табыс тілеп, елдегі жағдайға тоқталды. 

    «Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай, біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет. Өкінішке қарай, бүгінде халықарасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат тарап кеткенін көріп отырмыз. Мұның бірнеше себебі бар. Кейбір азаматымыз ахуалды егжей-тегжей білмей жатып, қате пікірде болса, кейбірі ақпаратты әдейі бұрмалап, жағдайды одан сайын ушықтыруда. Бірақ бізге керегі - тек ақиқат қана. Сол себепті оқиғаларды мұқият зерттей отырып, айтарым - жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармағы деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі», - деді Президент.

Просмотров: 494


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст