Еліміз үшін бүгін тарихтың жаңа беті ашылғандай болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының әр айтқан сөзін мұқият тыңдап, елімнің ертеңгі жарқын болашағына зор үмітпен көз салдым. Айтылғандардың барлығы халықтың көңілінен шыққандығына сенімім зор. Бұл Президентімізге деген үлкен сенім екендігін аңғартады.
-Оператор РОП-қа Утильсборды алуды тоқтатты;
-Екі айдың ішінде халықтың жағдайын жақсартатын бағдарлама дайындауға Үкіметке тапсырма берді. Бұл деген халықтың әоеуметтік жағдайының көтерілуіне жол ашпақ;
-Халық тығыз орналасқан аймақтарда жастарға дұмыс орындарын көбейтпек;
-Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жаңа Заң әзірленбек;
-Техникалық мамандықтарға басымдық берілмек;
-Сапалы білім берілетін жаңа реформалар қарастыруды ұсынды; педагогтардың сапалы білім беруіне көңіл бөлінуі керек екендігі;
-Қағазбастылықты азайту;
-Шекараны бақылауға алу. Осы сияқты және басқа да халықтың көкейінде жүрген біршама мәселелер көтеріліп, нақты нәтиже болатын тапсырмалар берілді.
#күшімізБірлікте