«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды.

27.01.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды.

"Қазақстан халқына" қорының міндеттері:
- денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
- төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
- халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
- Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау;
- Қор қызметінің өзге басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.

      Мен бұл Қазақстан халқы қорының құрылғандығын қолдаймын, себебі жоғарыда аталып өткендей, бұл қор көптеген міндеттерді атқарады. Осындай еліміздің қиын жағдайында дер кезінде шығарылған бұл келісім, еліміздің болашағы үшін өте қажет деп ойлаймын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін!

                                                                                                                                                                                                                                                   “Қызылжар ауылының ЖОББМ” КММ директоры Камиев Бауыржан Аманжолұлы.

Просмотров: 358


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст