«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аутизм – қасырет емес. Нағыз қасырет – оны елемеу»

04.04.2022

 

     Бүгінгі әлем бойынша  ресми   тіркелген аутистердің саны 6,5 миллион. Соңғы 30 жылда бұл синдромға шалдықандар саны күрт өсіп кеткен. Барлық әлемдік аутизм ұйымының дерегі бойынша 2008 жылы  150 балаға 1 аутизм синдромы тіркелген. 10 жыл ішінде аутизмге шалдыққан балалар саны 10 есе артқан. Аутизм синдромы 21 ғасыр дерті және үшінші мыңжылдықтың негізгі құпиясы деп аталып жүр.

               Аутизм – (гр. Autos – өзім, мен) – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл – күйі. Бұл терминді 1912 жылы Эйген. Блейлер « Швецарский психолог»ашқан. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген американдық психиатр  Лео Каннер. Лео Каннер бойынша, ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді:

                                                          Түрлері

  Процессуалды аутизім  синдромы ( Ер балаларда жиі кездеседі ) ,

3- 4 жасына дейін жақсы дамып, белгісіз себептермен бірден түрлі қабілет  жоғалта бастайды.  Ешкімге еліктемейді, үнемі бір қимылды қайталайды

-    Ретта синдромы:  ( 2-4 сирек әрі тек қыздарда  кездесетін түрі )

Әдетте қыздар 2 жасқа дейін қалыпты  дамып келеді де, бірден қабілеттерінен айрыла бастайды.  Бірте ‑бірте сөйлей алмай қалады , қолындағы заттарды ұстай алмайды, бұлшықеттер тонусы жоғалады.  Психикалық күйреудің салдарынан жиі ұстамалары болады.

-    Аспенгер синдромы  (Аутизмның жеңіл түрі )

Әдетте  белгілі бір салаға жоғарғы қызығушулық танытып сол саланы меңгере алады.  Логикалық қабілеті дамыған, сөйлей алады.  Адамдармен байланысқа түсуі қиын , болашақта бір саланың шебері болуы мүмкін.

 Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі.

                                       Аутизм синдромының  себептері. 

  1.      Орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан

      2.      Тұқымқуалаушылық фактордың әсері.

      3.       Мидың органикалық зақымдалуы.

      4.      Тұқымқуалаушылық  хромосомалық өзгерістері.

      5.   Анасы  жүкті және туу кезінде алған жарақат

        6. Нейроинфекциялар.

 

                  Аутист балаларды   4 топқа бөлуге болады:  

1 Топтағы бала‑  қоршаған  ортадан оқшалануы мүмкін. Олар бір жері ауырып жарақаттанғанды, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары–бері жүреді,

2 топтағы бала‑ көзге тіке қарай алмайды.

3 топтағы бала‑ бет әлпетінде қорқыныш бар.  Бірақ қоршаған ортадан безбеген. Әрбір қадамын қорқақтап жасайды.

4 топтағы бала аутизімнің жеңіл түрі. Ұялшақтау, жасқаншақ болуы мүмкін.

 Қоршаған ортадан толық безбеген. Олар өтірік айтуды, алдауды білмейді

1. Аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулану, ешнәрсеге көңіл аудармаумен ерекшеленеді, көп уақытта түңіледі. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бірнәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын айтып шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай көңіл бөлмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанғанды, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары–бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиіспесең бірнеше сағат бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, қарсылық көрсетеді.

2. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысы мен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немесе алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы: сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.

3. Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген. Бет–әлпетінде қорқынышы бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз, бір сөзді қайталап береді, күрмеліп сөйлейді, олар кей кездері отырып–отырып аяқасты жүгіріп кетеді, өзін–өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керсінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды, тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі – монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.

4. Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айтуды, алдауды білмейді.

Республикамызда арнайы білім орталықтары болғанмен, аутист балаларға сапалы білім көрсетілмейді. Көптеген ата–аналар аутизмі бар балаларды қалыпты өмірден алшақтап, үйде оқытуға мәжбүр. Бұл балалар басқа әлемнің адамы сияқты «иноплонитиян» Оларды  өз әлемімізге тәрбиелеу керекпіз.

       Қорытындылай келсек, әлі де үмітімізді үзбей алдағы уақытта шет елдердің әдісімен аутист балаларымызды емдеуге мүмкіндігіміз көп боларына сенімдіміз. Аутизмге шалдыққан  баламен заманауи түзету технологиялары бар. Бұлар аутизмді түзетуге негізделген әдістер. Олар: ТЕЕССН, АВА, Son – rise, заттық терапия (сенсорлық интеграция және стимуляция). Сонымен қатар, аутист балалар суды өте жақсы көреді.Сондықтан оларды «жаңбыр балалары» деп атайды. Дамыған елдерде арнайы терапия бар. Ол дельфиндермен емдеу. Дельфинотерапия арқылы аутист балалардың 70% -ы жазылып кетеді деген тұжырымдаманы ғалымдар дәлелдеп отыр. Өкінішке орай, Қазақстанда емнің бұл түрі жоқ. Сондықтанда жылқымен серуендеу емін қазақтан артық білетін жан жоқ, аутист балаларды ипотерапиямен де емдеуге болады.   Қазақстанда осы ем түрін қолға алып дамытса деп пікір қосар едім.

 

Просмотров: 367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст