«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап апталығы»

11.04.2022

      Мақсаты:  Кітап – сарқылмас рухани  қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндеру. Балаларды көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту, балалар мен ата – аналардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың оқу мәдениеті мен белсінділігін арттыру, кітап оқу үрдісін  жаңғырту,оның ішінде балалар мен  жасөспірімдер арасында кітап оқуды дамыту.

      Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  көркем әдебиеттер тізімі  4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни  олардың  қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем  әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын – жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым  маңызды  болғанымен, оқу сауаттылығын  дамыту  тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады.

      Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады.Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Бүгінгі біздің іс-шарамыз «Кітап апталығының» ашылу мерекесі. Балалар кітабы халықаралық кеңесінің шешімімен 1967 жылдан бастап балалардың сүйікті жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күні, яғни 2 сәуір халықаралық балалар кітабы күні деп бекітілген.

      Мұның басты мақсаты – әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін  түсіндеру.

       23 сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні» болып жарияланды

Просмотров: 488


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст