Қызылжар орта мектебі «Ақжелкен» жазғы лагерінің ашылу салтанатының жиыны 01.06.2019ж
«Ақжелкен» жазғы лагеріне 32 бала жиналды. Балалар күніне орай өткізілген «Ақжелкен» лагерінің ашылу салтанатына балалар түгел жиналды.
Акт залы мерекеге сәйкес безендіріліп, өнерлі оқушыларымыз лагерде тынығушы балаларға арнап концерт қойды. Концертімізді ашып беру үшін сөз кезегі Мектебіміздің ардагер ұстазы Мукаева Рымкеш Амантаевнаға сөз берілді.Концертке қатысқан оқушылар Тұрлыбек Аделья мен Қалмет Хабиби «Ана жаным» әнін, Сағидолла Назерке «Көңілді күн» әнін, мектебіміздің әнші қызы Жандильдина Маржан «Туған өлке» әнін, Хибатулла Назерке «Анамның ақ жпулығы» әнін, Аманғали Кербез, Аманғали Айназ «Мерекелеріңізбен» әнін орындады. Ануарбек Ақберен Мұқағали Мақатаевтың «Сәби болғым келеді» өлеңін нақышына келтіріп оқып берді. Ал домбырашы балаларымыз Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Концерттің арасында балаларға қызықты ойындар ұйымдастырды. Әнді тап ойынында 1 «А» сынып оқушылары өте белсенді қатысты. Флешмоб биінде де балалар жақсы өнер көрсетті.Концерт біткен соң балалар далаға шығып өз қиялындағы суреттерді асфальтқа салды.
Қалмет Хабиби мен Тұрлыбек Аделья Хибатулла Назерке
«Анажаным» әнін орындауда. 1 «Ә» сынып оқушысы
«Анамның ақ жаулығы»
әнін орындауда
Жандильдина Маржан Мектебіміздің домбырашы балалары
Аманғали Кербез Ғалым Аруа мен Ибрагим Мәдихан
Аманғали Айназ Құрманғазының «Балбырауын»
Ануарбек Ақберен күйін орындауда.
өнер көрсетіп болған соң.
Осы концерттің ашылу салтанатын ұйымдастарған Әлменова Ақайша Сейтмұратқызы, Бельгибаева Жансауле Дукатқызы, Мейрамбекқызы Әсем.