Қызылжар орта мектебінің Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында өткен Алғашқы қоңырау мерекесінің есебі
Бүгін Қызылжар орта мектебінде ІІ Министрі, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі полиция генерал - лейтенанты Тұрғынбаев Ерлан Заманбекұлының қатысуымен Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында Алғашқы қоңырау мерекесі тойланды. Мереке өте жоғары деңгейде өтті. Мерекеге Ерлан Заманбекұлымен қатар Ақмола облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Біләлов Берік Сұлтанғазыұлы, Ақмола облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полковник Қызбикенов Аслан Алпысбайұлы, Ақмола облысының білім басқармасы облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысының бөлім меңгерушісі Кажигалиева Шолпан Қалиқызы және Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Суюнжанова Айгуль Укиметовна қатысты.
Министр Ерлан Заманбекұлын есік алдынан Ақмола облысының ПД ұжымы қарсы алып, бірнеше жылғы еңбектерімен, көрмелерімен таныстырды. Одан соң министр мырза спорт залға өтіп, білім күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Жиын ІІ Министрі Ерлан Заманбекұлының құттықтау сөзімен ашылды. Ата-аналарды, оқушылар мен ұстаздарды бүгінгі мерекесімен құттықтап, мектебімізге теледидар сыйға тартты. Құттықтау сөзден соң бірінші сынып оқушыларын сынып жетекшісімен бірге ортаға шақырып, оқушылар құттықтау тақпақтарын арнады.
Әрине, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін ең маңыздысы - бұл алғашқы қоңырау үні. Алғашқы қоңырауды соғу мәртебесі 11-сынып оқушысы Сұлтан Есенеевке және Даниярқызы Жасминаға бұйырды. Алғашқы қоңырау соғылған соң қонақтарды мектеп ішіне саяхатқа шақырып, ал оқушыларды алғашқы Ерлік сабағына шақырды.
Қонақтар алғаш саяхаттарын технология кабинетінен бастады. 9-сынып ұлдарының жұмыстарын тамашалап, осы сыныптың оқушысы Бауыржанұлы Арман өз қолымен жасаған домбыра мен қобызды естелікке берді. Қыздардың «Шебер қолдар» үйірмесі де өз қолдарынан жасалған «Хаскеи тұқымдас» атты картинкаларын сыйға тартты. Мектебіміздің медициналық кабинетімен де таныса өтті. Медициналық кабинеттен өткен соң информатика кабинетіне барып, «Робототехника» үйірмесінің жұмыстарымен танысты. Одан соң кітапхана бет алды. Кітапхана кітаптарымен, көрмесімен, кітапхана ішінен құрылған музеймен танысты.
АКТ залына да соғып, Ақмола облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полковник Қызбикенов Аслан Алпысбайұлы және Ақмола облысының білім басқармасы облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысының бөлім меңгерушісі Кажигалиева Шолпан Қалиқызының ұйымдастыруымен өткен «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» азаматтық пен патриотизм сабағын өткізді. Сабақ оқушылар үшін тәлімі мен тәрбиесі мол болды. Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім меңгепушісі Шолпан Қалиқызы министрдің қойған бар сұрағына жауап беріп, өз ризашылығын білдірді.
Целиноград ауданы әкімдігінің өкілі Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Суюнжанова Айгуль Укиметовна Целиноград ауданының 90 жылдығына орай құрастырылған энциклопедияны Ерлан Заманбекұлына сыйға тартты. Оқу кабинеттерін аралап, оқушыларды тағы бір мәрте мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылына ақ жол тіледі. Министр ауылымызға бет бұрып, қуанышымызға ортақтасып, құттықтап қана қоймай, ауыл тұрғындарын жеке қабылдап сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстары мен алғыстарын тыңдады. Саяхат соңында мектеп ұжымы мен оқушылары министр Ерлан Заманбекұлымен естелік фотоға түсті.