2020 жылдың 7 қаңтарында қазақ эстрадасының жұлдызы, өнер жанашыры, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ілясованың ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Жұлдыз болғың келсе" атты Республикалық дарынды балалар байқауы өтті. Атаулы байқауға Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылжар орта мектебінен 4 "A" сынып оқушысы Жусупов Таймаc БАС ЖҮЛДЕНІ қанжығасына байлады. Бұл Таймастың өнер жолындағы алғашқы үлкен жетістігі. Сондай -ақ осы байқаудың лауреаттары 8- қаңтарда Конгресс Холлда өнер жұлдыздарымен гала концертте өнер көрсетті. « Шәкіртсіз ұстаз тұл» дегендей Таймасқа жол көрсетіп, өнер жолында бағыт-бағдар беріп жүрген ұстазы Мейрамбекқызы Әсемнің де еңбегі зор. Болашақта жас әнші Таймасқа бұдан да жоғары белестерді бағындыруына тілектеспіз.