Текст
26-30.05.2023 күні аралығында Қызылжар орта мектебінің АӘТД пәні мұғалімі Е.М.Ильясовтың басшылығымен 10 сынып ұлдарының қатысуымен бес күндік далалық әскери оқу-жиыны өткізіліп жатыр . Жиынның негізгі мақсаты қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әскери-далалық жиын кезінде жасөспірімдердің тактикалық, химиялық қорғаныс, саптық дайындық бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға басты назар аударылды. Әскери ойындар, спорттық жарыстар тағы басқа да іс – шаралар өткізіліп, оқушылар практика түрінде тәжірибе алды.