«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы негізінде Филология
ғылымдарының кандидаты, Республикалық айтыстардың жеңімпазы, республикалық жыр
мүшәйрасының жүлдегері, оқулық, ғылыми монография, ғылыми мақалалар және де
көптеген публицистикалық мақалалардың авторы
СЕРІКЗАТ ДҮЙСЕНҒАЗИНМЕН КЕЗДЕСУ
СЦЕНАРИІ
Кездесудің мақсаты:Оқушыларды ақынның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде айтыс өнерінің құдыретін көрсету.
Өткізілетін орны: мектептің акті залы
Көрнекілік құралдар: видеобейне, ақын портреті, слайдтар, техникалық құрал-жабдықтар, аудио, аппаратура.
Шақырылған қонақтар: ақын Дүйсенғазин С., Абаев Е, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар, ауыл тұрғындары.
1. Амандасу. Ақынды есік алдынан барлығымыз бірге күтіп алу.
І жүргізуші. (Абаев Е.)
ЕҰУ-нің Қазақ тілі әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ Елінің айтыскер ақыны Серікзат Дүйсенғазинмен өткелі отырған әдеби-сазды кездесуімізге қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші. (Мадинаш А.)
Бүгінгі өтіп жатқан іс - шарамыздың мақсаты – шәкірттерімізді ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, ақын өлеңдері арқылы Қазақ еліне, тіліне, ұлтына сүйіспеншілік сезімдерін нығайту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде айтыс өнерінің құдыретін көрсету болып табылады.
2.ІІ жүргізуші.Кездесуімізді бастамас бұрын, ең алдымен, сөз кезегі Қызылжар орта мектебініңдиректоры – Камиев Бауыржан Аманжолұлына беріледі.
3. Иманбаев Әділханның орындауында«Келіншек» күйі.
4. 5-сынып оқушылары Серікзат Дүисенғазиннің «Менің анам» өлеңін оқиды. (Анарбек Жайдар, Қайратова Айша, Сәрсембай Нұрайым, Бердібек Ерхан, Райымбеков Абзал, Айтмаганбетов Әлихан, Бижігіт Ардақ)
Менің анам
Өсіріп, ер жеткізген сегіз бала,
Әлемде менің шешем – еңізгі ана.
Өң берген өміріне адалдығы
Тең келген көңіліне теңіз ғана!
Жүрген жоқ ізгілікті ол жиып бекер,
Жұмыр жер жүрегіне сиып кетер.
Маңдайдан «құлыным» деп сипағаны,
Мәңгілік мәртебеңді биіктетер.
Кім білмес анашымның пейілін кең,
Жаны оның жаратылған мейірімнен.
Қазақтың келіні боп ғұмыр кешті,
Аулақта сауық-сайран, сейіліңнен.
Сіңіріп тәрбиесін бай даланың,
Көрдік біз салт-дәстүрден таймағанын.
Абысын-ажынымен тату әлі,
Өткен жоқ алдын кесіп қайнағаның.
Жатса да ертелі-кеш үйге адам кеп,
Күтетін соның бәрін «сыйлы адам» деп.
Қонақтықұткелгендейқарсыалумен,
Ғұмырыдастарханынжинағанжоқ.
Ешкімгекөрсеткенжоқенжарлығын,
Құрметінкөрмейоның кем қалдыкім?
«Барым» дептүсіндіәркез бала-шағам,
«Арым» депәлпештедіақжаулығын.
О, меніңақниеттім, асқақанам,
Дүниедежақынжанжоқбасқамаған.
Ұяттыңұясыдепәр тал шашын,
Басынанорамалынтастамаған.
Кішіменсөйлесетінбаласынбай,
Туысқажаныжомарт, жанашырдай.
Аллағасансызмәртешүкіреттім,
Анадантуғанымадәлосындай!
І жүргізуші.
Көріпотырғандарыңыздай жоғарыда айтылып өткен «Менің анам» өлеңі ақын Серікзат Дүйсенғазиннің төл туындысы. Бұл Қызылжар орта мектебінің оқушыларының Серікзат Дүйсенғазинге жасаған сыйлығы еді. Тосын сый мұнымен аяқталмақ емес....
ІІ Жүргізуші.
Иә, рас. Әнші Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы "Сен үшін жаралғандаймын", "Түнгі сыр", "Сүйіктім" сияқты
ел арасында танымал хит әндердің мәтіндерінің авторы Серікзат ақын екені баршамызға
аян.
І жүргізуші.
5.Сол себепті де, 10-сынып оқушысы Нокешов Темірболаттын орындауында Серікзат Дүйсенғазиннің
сөзіне жазылған Б.Асқаровтың «Сен үшін жаралғандаймын» атты әнін қарсы алыңыздар!
Сөзін жазған Серікзат Дүйсенғазин, Әні Б.Асқаровтікі
Жете алмай саған тіл қатып,
Жүректің мұңын тыңдатып,
Сағыныш болып кеудемде,
Таба алмай емін бұл уақыт.
Өртеңген сезім бойымда,
Қанымды қызу тулатып.
Жаныңнан бір сәт табылсам,
Мен үшін сол да бір бақыт.
Жанымды тербеп балдай мұң,
Әнімді саған арнаймын.
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын.
Құс болып ұшып самғаймын,
Іздеуден сені талмаймын.
Мүлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын.
Теңіздей тулап тамырым,
Таусылды төзім, сабырым.
Жанымды менің шөлдетпе,
Нұрыңды төкші, жарығым.
Жабырқап жүрген көңілді
Жазатын сенсің, дәруім.
Сүйумен өтсем өмірден,
Арманым бар ма, аруым?
Жанымды тербеп балдай мұң,
Әнімді саған арнаймын.
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын.
Құс болып ұшып самғаймын,
Іздеуден сені талмаймын.
Мүлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын.
Зырғумен өтер сағым жыл.
Оралмас қайта шағың бұл.
Жылуын аңсап сезімнің,
Жаураған менің жаным жүр.
Еліктей сұлу бейнеңмен
Еріксіз мені бағындыр.
Сарғайтып менің жанымды
Сағындыр сәулем, сағындыр.
Жанымды тербеп балдай мұң,
Әнімді саған арнаймын.
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын
Құс болып ұшып самғаймын,
Іздеуден сені талмаймын.
Мүлтеткенмөлдірғаламда
Сен үшінжаралғандаймын.
ІІ жүргізуші.
6.Серікзат Дүйсенғазиннің «Көкдөнен» өлеңі. Орындайтын 10-сынып оқушылары. Жекен Гүлнази,
Ескельдыева Дильназ және Жұмабай Дариға.
Көкдөнен
Бүгін де кіріп, көкдөнен түсіме менің,
Көңілімді бұзды күлдірлеп кісінегенің.
Жасыңнан баптап өсірген жануарым-ай,
Сүлеймен болсам тіліңді түсінер едім.
Кісінегенің ол қыстың қаттылығы ма,
Балгердей баға бере алман ат қылығына.
Тұлпар мінезді Тұранның ұлы емеспін бе,
Кеудемнен кәусар жырларым атқыды мына.
Есімдеменің тай кездентарапжалыңды,
Бәйгеденозсамдегенсол бала арманымды.
Әкемніңмағанатағанбәсіресіедің,
Тілеуші ем тура ашбурадайжаранғаныңды.
Құйындайшауыптөсіндеағызыпбелдің,
Сауырыңнанжергеащысынтамызыптердің.
Жексенбікүнгіауылдың тай жарысында,
Құйғытыпқамшысалдырмайқараүзіпкелдің.
Жүйткігенжүйрікболғансоң тек іздегенім,
Сезімімшалқыпұқсағантеңізгеменің.
Балашажуып, жабулап, жанымдысалып,
Сұлыданбасқадақылдыжегізбепедім.
Шабандозжастықмұныментоқталмасанық,
Әбзелдепмініп, ел-жұрттаноқшаужасанып.
Маңғаздауқарап, өзімдісерісезініп,
Ортағаолжасалғанмынкөкпарғашауып.
Олшақтасидаңбозбалажелжұқпамінез,
Атдесеасынтастайтынболдыққағылез.
Бойжеткенкөрсекбұрқаныпбойдақантасып,
Ағызыпшауыпалатыналбырттағыкез.
Жарысыпжелмен, заулатып,
ұшырыпарман,
Кезім де болғанқамшыменқұсұрыпалған.
Келмескекеткенбалалықкездісағынам,
Басқанықойшы, тақымныңқышуықанған.
Есейдім, сосыноқуғақалағакеттім,
Соңымдақалдыбарлығыбалаңәлектің.
Кекілімайдадөненімкермедетұрды,
Қоштасқанқараплегінедаладакөптің.
Жылдарымжылжып, күн арты
күнімжүріпті,
Шаңыраққұрдыметкенсоңбілімдіқұтты,
Тойымаменіңбаяғыдөнендісойып,
Қазақымінезата-анамырымқылыпты.
Тарландымінбейқайтейінтамсаныпонша,
Аткөрсемқазірмұңаям, баршақуанса.
Түсімдетүгілөңімдебәйгенікөрсем,
Көкдөненкөңілзаулайдыаңсарымауса.
І жүргізуші.
7.Ал ендеше, Филология ғылымдарының кандидаты, Республикалық айтыстардың жеңімпазы, республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегері. Оқулық, ғылыми монография, ғылыми мақалалар және де көптеген публицистикалық
мақалалардың авторы СЕРІКЗАТ ДҮЙСЕНҒАЗИН сөз кезегі өзіңізде.
8. Ақынға сұрақтар:
1. Балалық шағыңызда сіздің ақын
болуыңызға қатты әсерін тигізген оқиға. (Қазбек Н.)
2. Рухани жаңғыру бағдарламасының ерекшелігі. (Алтаева К.)
3. Қазақ Халқының ұлылығы неде деп ойлайсыз? (Әлібек А.)
4. Осы күнгі жетістіктеріңізге қандай еңбектің арқасында жеттіңіңз? (Сағидолла Д.)
5. Оқушылардың өздері қалап қойған сұрақтары шексіз бола береді....
І жүргізуші.
9.Серікзат Мақсұтұлы,импровизация яғни суырыпсалмалық өнеріңізді паш етіп, Біздің Қызылжар орта мектебіне АРНАУ айтуыңызды сұраймыз....
ІІ жүргізуші.
10.Қазақта «Ақылды қария – ағып жатқан дария» - деген нақыл сөз бекер айтылмаса керекті. Ортаға ұлағатты ұстаз, Қызылжар ауылының құрметтіақсақалы – Абаев Ерден ата
шақырылады. АБАЕВ ЕРДЕН АТА 85 ЖАСТАҒЫ ҚАРТ ҰСТАЗ, ЕЖЕЛГІ ДӘСТҮРІМІЗ СЕРІКЗАТ
МАҚСҰТҰЛЫНА БАТА БЕРІП ШАПАН ЖАБАДЫ.
ІІ жүргізуші.
Құрметті, Серікзат ағай, мен сіздей тау тұлғадан білім алғаным үшін дән ризамын. Енді міне өзім де ұстазбын.
Менің де шәкірттерімнің сіздей тұлғамен жүздескенін қаладым. Сөзімді жерге тастамай, көңілімді қимай келгеніңіз үшін сізге зор алғыс білдіремін. Көп рақмет сізге. МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ КАМИЕВ.Б.А МЕКТЕП АТЫНАН ЕСТЕЛІККЕ ҚАЗАҚЫ НАҚЫШТАҒЫ ҚАБЫРҒА СУРЕТІН СЫЙЛАЙДЫ.
І жүргізуші.
11.Расымен, келгеніңіз үшін көп рақмет! Құрметті оқушылар, ақыннан автограф, қолтаңба алуларыңызға болады. АҚЫН ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ ҚЫЗЫЛЖАР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ КІТАПХАНАСЫНА«ҚАРАШЫҒЫМДА КӨШКЕН БҰЛТ» АТТЫ ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫН СЫЙЛАЙДЫ.
12. Ақынға мектебімізді көрсету.
13.Қазақы мінезбен, дастарқан жайып, қонақжайлылық таныту.