Целиноград ауданының 90-жылдығына орай, Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің 27-жылдығына арналған әскери-патриоттық
«Алау» ойындары өтті.
2018 жылдың 15 ақпан айында Қызылжар орта мектебінде Целиноград ауданының 90-жылдығына орай,
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 27- жылдығына арналған "Алау - 2018" әскери-спорттық
жарысын өткізді. Әскерилерше киініп, сап түзеген оқушылар қаруды бөлшектеп жинаудан, жалпы дене дайындығынан, АҚ-74 оқжатарын шашып жинау, ПВ-дан оқ ату, 20 сұрақ виктарина және Атамекен жергілікті тарихи іздену байқаулары болып өтті. Патриоттық шараны аудан білім бөлімінің ұйымдастыруымен болды. Алдымен оқушыларға жарыстың талаптары түсіндірілді. Бұл Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын жарыс екені айтылды. Әскери - патриоттық жарысқа 100 оқушыдан құралған 10 команда қатысты. Әскери - қолданбалы спорт слетіне 6 мектептен командалар қатысты. Олар саптық дайындық, кір тасын тасымалдау, кермеде тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, арқанға өрмелеу, допты нысанаға тигізу, оқжатарға оқ жарақтау, пневматикалық мылтықпен нысанаға оқ ату кезеңдерінен өтті. Сайыста оқушылардың әскери тәртіп пен спортқа бейімділіктері сарапқа салынды. Жарыс қорытындысымен Косшы №2 мен Қызылжар орта мектептерінің командалары өзгелерден озық шығып, облыстық «Алау» әскери - спорттық сайысына жолдама алды.