Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғыру талабы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы латын әліпбиіне көшу бастамасымен Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылжар орта
мектебінің оқушылары мен ұстаздарына түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта аудандық білім бөлімінің тапсырмасымен, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Каскатаева Аида Галымжановна 2018 жылдың 30 қаңтар күні мектебімізде «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы атты баяндама оқып, презентация арқылы оқушылар мен ұстаздарға латын әліпбиіне көшудің елімізге тигізер ұлан - асыр пайдасын және латын әліпбиінің ерекшеліктерін айқындап түсіндірді. Баяндамада сонау б.з.б 5 ғасырдан бастап халқымыздың жазу тарихын баяндай келіп, латын әліпбиі біз үшін жат емес, себебі 1929-1940 жылдар аралығында қазақ халқы латын әліпбиіне көшіп, ағарту жұмыстары жүргізілгенін оқушыларға жеткізді.