Тақырыбы: Қазақстан Республиқасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
2018 жылғы 10 қаңтар
Сәлеметсіздерме ұстаздар, оқушылар!
Біздің бүгінгі « Рухани жаңғыру –болашаққа қадам » атты тақырыбындағы іс-шарамызға қош келдіңіздер.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жыл басындағы халыққа
жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялаған болатын. Осылайша біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі- саяси реформа мен экономиқалық жаңғыруды қолға алдық.
Біздің мақсатымыз айқын,бағытымыз белгілі, ол –әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Рухани жаңғыру тек бүгін басталған жұмыс емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып,заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты-сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Егер жаңғыру елдің ұлттық - рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Рухан жаңғырудың 6 тақырыбына тоқталып өтейік.
1 Бәсекелік қабілет .Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.Болашақтаұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың
бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт
21 ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық,шет тілдірді білу тағы да
басқа қондылықтар болуы қажет.
2 Прагматизм . Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашағындай сақтап, оның байлығын үнемді,әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтынұстанып келді. Біз жаңғыру жолында
бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта
түлетуіміз керек. Прагматизм –өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу,оны үнемді пайдаланып, соған
сәйкес болашағыңды жоспарлай алу,ысырапшылдық пен астамшылыққа ,даңғойлық пен кердеңдікке жол
бермеу деген сөз. Нақты мақсатқа жетуге,білім алуға,саламатты өмір салтын ұстануға,кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып,осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану-мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
3 Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық
болмыстың өзегін сақтай отырып,оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз,тіліміз бен музыкамыз,әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Мысалы:Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы,Жамбылдың жырлары,Құрманғазының күйлері,ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні, атап өте берсек бұлар біздің
рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс.
Мысалы: Мектеп кітапханасында мұражай ашылған, онда «Мәңгілік өшпес отты жылдар», « Салт-дәстүрімізді сақтай білейік», «Тыл еңбеккерлері», «Туған өлке өткенінен естелік», «Алтын үя мектебім», «Ол мәңгі біздің жүрегімізде». Осындай тақырыптарға жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сіздер де үлестеріңізді
қосып, осы басталған іс-шараларды жандандырып жалғастыру керек. Бірақ,одан да маңыздырақ мәселені-өзіңнің біртұтас ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды.Біз қазақстандықтар ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, сақтайбілуіміз керек. Біріншісі-ұлттық код,ұлттық мәдениетті сақтай білу.Екіншісі –алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
4 Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық,көкрегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды.Біз бүгінгі жаңа атаулыертең-ақ ескіге айналатын,жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті,аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Табысты болудың ең іргелі,басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.Себебі, құндылықтар жүйесіндебілімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
5 Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.
Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр аумағын астан-кестен еткен 1917 жылдың қазан айындағы оқиғаға 100 жыл
толды.Күллі 20 ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды . Өткен 20 ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.
Біріншеден, ұлттықдамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан
өзімізгеғана тән жолы біржола күйретіліп,қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі
еріксіз таңылды.
Екіншеден, ұлтымызға адамайтқысыз демографиялық соққы жасалды.
Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. Төртіншіден, еліміздің
көптеген өңірлері экологиялық апатаймақтарына айналды.Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды.20
ғасырҚазақстанға бірқатар игіліктерін де берді. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп,болашақтың беталысына қарап,пайым жасай білу де айрықша маңызды.
6 Сананың ашықтығы. Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан,бұқаралық сана-сезімнің «от басы,ошақ қасы»аясында қалуынан туындайды.Жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керек.Бұл жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты.Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдереді.
Біреншіден, ол дүйім дүниеде,жер шарының өзіне қатысты аумағында және
өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.
Үшіншіден, бұл –өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Жолдау алдындағы мәлімдемесін жасады.Елбасы биылғы Жолдауда жүзеге асырылуы тиіс 10 міндет айқындалғанын жариялады.
Бірінші. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысынаайналуы тиіс.
Екінші. Ресурстық әлуетті одан әрі дамыту.
Үшіншісі. «Ақылды технологиялар»-агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
Төртінші. Көлік-логистикаинфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
Бесінші. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
Жетінші. Адами капитал –жаңғыру негізі.
Сегізінші. Тиімді мемлекеттік басқару.
Тоғызыншы. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдегі.
Оныншы. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт»үшін.
Елімізді әлемдегі дамыған 30әлеуметтік елдің қатарына енгізу мақсатындамемлекетіміздің әлеуметтік–экономиқалық жағдайын жақсарту үшін осы жолдау төртінші жаңару болатындығын атап айтты.Біз тәуелсіз елімізді сақтап,болашағы зор,дамыған мемлекетке айналдық.Елімізді бүкіл әлем танып,көк туымыз биікте желбіреп келеді. Мемлекет тарапынан бағдарламалар құрылып,әр саланы дамытуға көмек көрсетілуде.
Елбасымыз әрдайым білім саласына баса мән беріп,оны өз назарында ұстап келеді. Осы жылғы Жолдауында да: « Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына,экономикалық қажеттіліктергежауап беру тиіс,мұғалім мамандығының беделін көтеру керек» - деп бір қуантып
тастады. Біздің мектебіміздің ұжымы Елбасы идеяларын қолдайды,осы құжатта көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда белсенділік танытып,еліміздің кемел келешегі үшін өз үлестерін қоса береді.
Елбасы Жолдауында көрсетілген асқарлы міндеттерді абыроймен орындау - әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы деп білеміз.Елбасының халыққа арнаған Жолдауынан мақсатымыз анық,болашағымыз нұрлы, аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш, әл-ауқатымыз жақсы болатынына сенімдіміз.
Назарларыңызға рахмет.