«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.12.2017

 Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен

жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау сценарийі


Мақсаты:  «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін

дамыту.

Міндеттері:

- мектеп оқушыларын әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту,

Әлеуметтік - танымдық бастамаларды жүзеге асыру;

- мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.

«Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылардың саны:

«Жас Қыран » - 5

«Жас Ұлан » - 4

 

 Видео – желтоксан  (1 ,2)

Көрініс 6 сынып оқушылары

Фанфари  (Жүргізушілер шығады)

Гульнази: Армысыздар, қадірлі жас достар, ұстаздар және қонақтар!

Еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігі құтты болсын!

Темірболат: Сіздерді және бір рет келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі

күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойғы арман

болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің

Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі

мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан

26 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991

жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілді.

Гульнази:Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің қөқшіл

жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді!

Қайраттай қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен,

боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан

бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған боздақтарымыз тірі

болғанда, отыз бес пен қырықтың арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз

бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер!

Темірболат: 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.

Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 26 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол

кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе

қалды. Ол дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне

деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсан оқиғаларындағы боздақтардың рухын

еске алайық

Темірболат:  (1 минут үнсіздік). экранда

Гульнази:

Мектеп түзел, тік тұрыңдар!  ҚР

Мемлекеттік Туы енгізілсін!

Темірболат:

Түсініп терең, өмірдің мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат,жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

 

Гульнази:  ҚР Әнұраны орындалсын!

  Жаса мәңгі, Тәуелсіздік ұраны,

Шарықтасын қазағымның жыр-әні.

Отанымның Туынкөкке көтерер,

Біз боламыз ұлы елдің Жас Ұланы.

Темірболат:

                          Армысыз, өнер тұнған ғасыр елім!

                        Ерлерін ардақтаған асыл елім!

         Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.


Гульнази:Бүгінгі күн ерекше күн. Себебі еліміздің ертеңгі алтын діңгегі, кемел келешектің кілтін ұстар ұрпағының бір арнаға тоғысқан күні.

Темірболат: Бүгінгі күн – жауапты күн. Елбасымыз айтқандай, жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз!

 

Гульнази: Олай болса, баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздігіміздің  26 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

Темірболат:      Бүгінгі салтанатты жиынның қонақтары:

1.Мектеп директоры – Камиев Бауыржан Аманжолович

2.  Директордың оқу-ісі жөніндегі директор орынбасары:  Айсұлу Сағадиевна

3. Ғылыми-әдістеме жұмысының меңгерушісі  Абдрашитова Назымгуль Хабидуллаевна

4. Мектебіміздің тәрбие жөнінде директор орынбасары: Ерлан Серікұлы

5.Мектеп медбикесі: Джумабаева Марзия Камидулловна

6. Мектеп алғашқы әскери дайындық жетекшісі: Ильясов Ержан Магузович

7. Мектебіміз президенті: Мыңжасарова Карина Каримовна

8.Мектебіміздің «Адал Ұрпақ» ұйымы жетекшісі:   Серік Анель Ерланқызы

9.Мектебіміздің Ұлан басы басшысы  Дүйсенбай  Ильяс  Сағадатұлы

 

Темірболат:  Бүгінгі Тәуелсіздік күніне орай Республикалық «Жас

Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданатын

оқушылармен таныс болыңыздар!

Гульнази:  Ортаға «Жас Қыран», «Жас Ұлан»  ұйымына қабылданатын оқушыларды шақырамыз

Темірболат: 2 «А» сынып оқушысы  Жұматай Айбар

                       Гульнази:   2 «Ә»   сынып оқушысы   Айтқазы Илияс

Темірболат: 3 сынып оқушысы   Искаков Алинур

Гульнази: 4 «А» сынып оқушысы 

Айтқазы  Ислам

Темірболат: 4 «Ә» сынып оқушысы  Алпысбаева

Айдана

Гульнази: 5 сынып оқушысы 

Сәрсенбай Нұрайым

Темірболат: 6 сынып оқушысы  Рамазан  Мубарак

Гульнази: 7 сынып оқушысы 

Аманжан Жүсіп

Темірболат:  8 сынып оқушысы 

Тілеугелді Гүлсара

 

Гульнази:Ұйымның негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Темірболат:   Негізгі міндеті – мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, оқушылардың

тың бастамаларын қолдау, Жас ұрпақтың патриоттық, азаматтық сана-сезімдерін, өз

халқының тарихына, мәдени өміріне сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Өз Отанына

деген құрмет сезімін ояту болып табылады.

Гульнази:Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.

 

Темірболат:  Құрметті Тәуелсіз еліміздің жалындаған жастары! және бір рет

сіздерді  келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Жас Ұландар! Ант қабылдау рәсіміне дайындалыңыздар!

Гульнази:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

Темірболат: «Мен не істесем де, келешегі кемел, көркем Қазақстан үшін істеймін!» деген ұландардың Отаны,

елі алдында өз парыздарын айтар сәтте туды. Еңселі еліміздің ертеңі сендер!

Ендеше «Жас Ұлан» сөз кезегі сіздерде.

 

Оқушылар:

Мен 2 «А» сынып оқушысы  Жұматай Айбар

                      Мен  

2 «Ә»   сынып оқушысы   Айтқазы Илияс

                     

Мен  3 сынып оқушысы   Искаков Алинур

    Мен   4 «А» сынып оқушысы  Айтқазы 

Ислам

            Мен   4 «Ә» сынып оқушысы  Алпысбаева Айдана

  Мен   5 сынып оқушысы  Сәрсенбай Нұрайым

                       Мен   6

сынып оқушысы  Рамазан  Мубарак

                    

  Мен   7 сынып оқушысы  Аманжан Жүсіп

                       Мен   8

сынып оқушысы  Тілеугелді Гүлсара

 Біз Республикалық бірыңғай «Жас

Ұлан» балалар мен  жасөспірімдер ұйымының

қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға  оқушылар: АНТ

ЕТЕМІЗ

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге оқушылар:АНТ ЕТЕМІЗ

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге оқушылар: АНТ ЕТЕМІЗ

Ата-анамды қадірлеуге оқушылар: АНТ ЕТЕМІЗ

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге оқушылар: АНТ ЕТЕМІЗ

Білімге табандылықпен ұмтылуға оқушылар: АНТ ЕТЕМІЗ

Салауатты өмір салтын ұстануға оқушылар: АНТ ЕТЕМІЗ

Табиғатты аялауға оқушылар: АНТ ЕТЕМІЗ

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге оқушылар: АНТ ЕТЕМІЗ

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге

және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!

 

Гульнази:  Біз...!

Оқушылар: «Жас  Қыран»

Темірболат :  Біз...!

Оқушылар: «Жас  Ұлан»

 

Гулнази:  Ұранымыз:

Оқушылар: Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас Қыран!   (3

рет)

Темірболат : «Жас Қыран»

Оқушылар: Қазақстанды сүйеді

Темірболат : «Жас Қыран»

Оқушылар: – мектепте үздік

оқиды

Темірболат : «Жас Қыран»

Оқушылар: – үлкендерді құрметтейді

Темірболат : «Жас Қыран»

 Оқушылар:  – тек шындықты айтады

Темірболат : «Жас Қыран»

Оқушылар: – спортпен еңбекті ұнатады

Темірболат : «Жас Қыран»

 Оқушылар: – болашақ “Жас Ұлан”

 

Гулнази:  «Жас Ұлан»

Оқушылар: Қазақстанды сүйеді

Гулнази: «Жас Ұлан»

Оқушылар: – мектепте үздік оқиды

 

Гулнази: «Жас Ұлан»

Оқушылар: – үлкендерді құрметтейді

Гулнази:  «Жас Ұлан»

 Оқушылар:  – тек шындықты айтады

Гулнази: «Жас Ұлан»

Оқушылар: – спортпен еңбекті ұнатады

Гулнази: «Жас Ұлан»

 Оқушылар: – болашақ “Жас Отан”

 

Темірболат:

Елімнің болашағы ұланымыз,

Өрлеген өреніміз, жыр әніміз.

Тәуелсіз елімізбен бірге туған,

Аспаны азат елдің қыранымыз!

(Ант қабылданады.)


Гулнази:   Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер

ұйымына өтуге тілек білдіруші ұландарға галстук пен төсбелгі тағу құрметі

бүгінгі салтанатты жиынға келген құрметті қонақтар мен «Жас Ұлан» ұйымының

белсенді оқушыларына беріледі.

Темірболат:  Бүгінгі салтанатты жиынның қонақтарын

1.Мектеп директоры – Камиев Бауыржан Аманжолович ті

2.  Директордың оқу-ісі жөніндегі директор орынбасары:  Айсұлу Сағадиевна ны

3.Ғылыми-әдістеме жұмысының меңгерушісі 

Абдрашитова Назымгуль Хабидуллаевна ны

4.Мектебіміздің тәрбие жөнінде директор орынбасары: Ерлан Серікұлын

5.Мектеп медбикесі: Джумабаева Марзия Камидулловна ны

6. Мектеп

алғашқы әскери дайындық жетекшісі: Ильясов Ержан Магузович ті

7. Мектебіміз

президенті: Мыңжасарова Карина Каримовна ны

8.

Мектебіміздің «Адал Ұрпақ» ұйымы жетекшісі:  

Серік Анель Ерланқызы н

9.

Мектебіміздің Ұлан басы басшысы 

Дүйсенбай  Ильяс  Сағадатұлы н

 «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына галстук,

значок тағуға шақырамыз!

 (қонақтар:  

галстук, значокты тағады музыка

ойнап тұрады )

Темірболат:

Жас Ұлан –

жігерлі де жайдарлы ұйым.

Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!

Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға

Жас Ұлан – жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

Гульнази:  Құрметті «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері!  «Жас Ұлан» ұйымына  қабылдануларыңызбен  құттықтаймыз!  Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!

 

Темірболат:

 Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

Гульнази:

Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Камиев Бауыржан Аманжоловичке беріледі.

Темірболат:

Сахнада Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламаны

назарларыңызға ұсынамыз, тамашалап көңіл көтеріп қол соғып отырыңыздар!

                                                               Бағдарлама

1. Әдеби монтаж (7 сынып тақпақтары)

2.Ән: Жетекшіміз- Нұр Отан (бастауыш

сынып оқушылары)

3. Би (Бибігул апай)

4. Ән: Отан(1 «а, ә» сынып

оқушылары)

5. Би (Бибігул апай)

6. Ән: «Атамекен» орындайтын 8 сынып

оқушысы:  Серік Анель

6. Би (Бибігул апай)

7. Ән: Туған жер орындайтын 9 сынып

оқушысы:  Алибек Аружан

Гульнази:  Мектеп түзел, тік тұрыңдар!

ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын!

Темірболат:

Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!

Просмотров: 585


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст