30.11.2017ж
Жалпымектепттік ата-аналар жиналысы № 1 хаттамасы.
Қатысқан ата - аналар:26
Мұғалімдер: 32
Күн тәртібінде:
1.Мектептегі ЖШ –дың ашатын курстары туралы.
2.Мектеп директоры Камиев Б. «Жаңартылған бағдарламааясында 1, 2 ,5, 7 сыныптарға білім беру» -баяндамасы.
3.Жаңартылған білім және 1 тоқсанның есебі. Оқу ісі меңгерушісі А.Абишева.
4."Kundelik.kz" ақпараттық білім беру платформасы. Искаков Б.М.
5.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырту» атты ақпараттық - түсіндірмелі жұмысы.
Бажиева Г.А. 6.Халыққа қызмет көрсету стандарты (тегін тамақтану). Әлеуметтік педагог Рахимжанова А.
7. «Отбасындағы қысым көрсетуді болдырмау жұмыстарының ерекшеліктері» Психолог Муханбеталина Б.
Тыңдалды:
І 1) Мектепте ағылшын тілін оқыту үшін курс ашылуы туралы айтылды. Бұл курс ақылы, аптасына екі сағаттан айына бес мың теңге деп Дүйсенғалиева Марал Қанатқызы ТОО «Тазалық» фирмасынан екендерін айтты.
2) Ментальді арифметика курсын ашпақшы болған Б.Пазилов (тел.87052916699) менталды арифметикамен оқу туралы айтты. ISMA- мектебіне балаларын беруді презентациядан көрсетті. Бір балаға он мың теңге. Белгілі бір жағдайларда жеңілдіктері барын айтты.
ІІ. Жаңартылған білім беру туралы «Жаңартылған білім беру»-атты баяндамасы оқылды. 80% бала сөйлеп ,20% мұғалім жұмыс жасайды . Оқушы топпен жұмыс жасау арқылы білім алады – деді мектеп директоры Б.Камиев. Биылғы жылы 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған бағдарламамен оқып жатыр және үш мұғалім ағылшын тілі курсынан өтіп келді. Бес мұғалім жаңартылған бағдарлама беру курстарынан оқып келді, екі тренерлік курс, екі мұғалім деңгейлік курстардан өтті.
ІІІ. Жаңартылған бағдарлама туралы оқу ісі меңгерушісі А.С.Абишева жаңартылған білім не туралы екенін айтып кетті. Әр пән бойынша білім сапасын көрсете отырып, мектеп бойынша 52% білім сапасын көрсеткенін айтты. Сол
сияқты ҰБТ, ОЖСБ нәтижелерін айтты. 2, 5, 7 сыныптардан ЖБ алынып , нәтижесі жаман емес көрсетті.
ІV. Мектептің информатика пән мұғалімі Искаков Б. сөз алып, қазіргі заманда kundelik.kz жұмыс жасау жолдарын көрсетті. Kundelik.kz. өте ыңғайлы екенін атап айтты. Бұл kundelik.kz ақпараттық білім беру платформасы жұмыс жасау үшін ата - аналармен келісім шартқа отыруымыз қажет. 16 жасқа толмаған, 16жасқа толған балалармен де келісім шартқа отырды.
V. Г.Бажиева «Рухани жаңғыру» бағытындағы жұмыстар туралы видео көрсетіп, ауылдағы ардагерлердің өмірін зерттеп, рухани жаңғыру бағытында жұмыс жасалынды деп есептелетінін айтты. Сол сияқты
сабақтан қалмау , ата-ана жауапкершілікпен қарауы туралы айтты. Мектепте стенд
және де сыртқы аулада рухани жаңғырту бойынша үйірмелермен жүргізілген арнайы бұрыш орнатылғандығы айтылды.
VІ. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы әлеуметтік педагог
А.Рахимжанова тегін тамақтандыру қызметіне тоқталды. Қажет құжаттардың ретін
атап көрсетті.Өтініш берген
ата-аналардың не себептен тегін тамақтануға болмайтынын себептерін түсіндірді.
VІІ.
Отбасындағы қысым көрсетуді болдырмау жұмыстарының ерекшеліктерін психологиялық сәт ұйымдастыру. Мектеп
психологі Б.Муханбеталина видеодан отбасындағы
қысым көрсету туралы видео көрсете отырып, ата-ана психологпен кеңес алуды
өтінді.
VІІІ. Ата-аналар
комитетінің құрамын қайта қарастыру туралы. Ата-аналар қазіргі ата-аналар
төрайымына разы емес екендіктерін айта отырып, ата-аналар комитетінің төрайымын
қайта қарастыру керек екенін айта келе ата-ана Камалова Л.С. қайта қарастыруды
өтінді. Бір ауызды қолдаумен ата-аналар төрайымы Асылбекова М.А. тағайындалды.
ХІ. Биылғы оқу жылынан бастап мектепте «Қамқорлық кеңес»
ұйымдастыру қажет екендігіне мектеп директоры Б.Камиев тоқталды.Бұған төраға мен мүшелері болуы қажет
екендігі туралы айтылды. Ата –аналар бір ауыздан Қамқорлық кеңестің төрайымы
ретінде Бейсенбаева А. қолдау тауып, дауыспен сайланды.
Қаулы:
І.Мектептен ағылшын тілі және ментальді арифметика
курстарына жазылу үшін ауыл ватсап чатына жазылды. Әр ата-ана өзі жазылуы
қабылданды. Келісім шарт жасалатын болды
ІІ.Жаңартылған білім беру жолындағы «Жаңартылған білім
беру»-атты баяндамасы бір ауыздан
қабылданды.
ІІІ.Жаңартылған бағдарлама және І тоқсанның есебі
қабылданды.
ІV.Kundelik.kz-пен жұмыс жасау ата-аналарға толығымен
түсіндірілді, ата-аналар қарсы емес
екендігін айтты.
V. Бажиева Г. «Рухани жаңғыру» туралы баяндамасы
қабылданды.
VІ. Әлеуметтік педагогтық құжаттарының ретін көрсетіп атап
өтті – бұл тегін
тамақтану
құжаттары.
VІІ. Психологтың баяндамасы бір ауыздан қабылданды.
VIII.Ата-аналар комитетінің төрайымы Асылбекова М.А. тағайындалды. Қамқорлық кеңестің төрайымы Бейсенбаева А.О.,
орынбасары Акишева А. ,
хатшысы Мамырбаева З.,
мүшелері:
Шоқыбаева А.О.,
Абулкасимова Д.Е.,
Камалова Л.С.,
Идрисова Р.С.,
Қайырбекова А.У.,
Усенбаева М.Ж.
Жиналыс төрағасы Б.Камиев
Хатшы Көмекбай Ж.Д.