Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қызылжар орта мектебінің
дене шынықтыру
пәнінің мұғалімдері
Кыстаубаев Ж.Д.
Газизов Ж.C
«Тәуелсіз еліме-дені сау ұрпақ» атты тақырыпта 5-6 сыныптарда өткізілген эстафеталық
ойындары бойынша рефлексивті есеп
2017 жылдың 7 қараша күні Қызылжар орта мектебінде «Тәуелсіз еліме-дені сау ұрпақ» тақырыбында эстафеталық сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: ұлттық ойындардың мәнін,мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғындырып, оқушылардың ой — өрісін, ауызша сөйлеу мәдениетін кеңейту.
Білімділік: оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды дұрыс айтуға жаттықтыру, ұлттық асық пен тоғызқұмалақ ойындары туралы оқушылармен кеңінен талқылау. Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық- тарын ояту.
Дамытушылық: логикалық ой-өрістерін кеңейтіп, сабақта оқушылардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру, оқушылардың қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауға, дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Сайыс 3 кезеңнен құралған.
Бірінші, «Сәлемдесу» кезеңінде ұлттық ойындардың пайдасы туралы әңгімелеп, олардан өз ұрандарын
айтуды сұрадым. Оқушыларды бірінші-екіншіге санатып екі топқа бөлеміз. Топқа тез арада ат қойдыртамын. Ойын шартымен түсіндіремін.
Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат қою.
1-топ-«Болашақ» тобы
2-топ- «Барыс» тобы
Екінші, «Қозғалмалы бой жазу жаттығулар» ойыны атты кезеңінде, алдымен, балаларға асық туралы
қызықты жұмбақ жасырылды. Асыққа қатысты ұғымдармен танысты. Бұл кезеңде, әсіресе, «Барыс» тобы белсенділік танытты. Оқушыларға қазақтың ұллттық ойындары қатты ұнады..
Үшінші, Эстафеталық ойындар сайысында ойынның шарты түсіндірілді.
1. Эстафеталық таяқшамен өткізілетін ойын.
Екі топ алдына бірдей сызық сызылады. Сызықтан 10-20м жерге бір зат немесе жалауша шаншып
қойылады. Әр команданың бірінші ойыншысы алдымен оң қолна таяқшаны ұстап,
жалаушаны айналған кезде, таяқшаны сол қолына ауыстырып келесі ойыншының оң
қолына ұстатады. Ойын шартын бұрын орындаған топ, жеңіске жеткен болып (10ұпай)
қосылады. Келесі топқа (5ұпай) беріледі.
2. Доппен секіру Команда сөре сызығына келіп тұрады. Белгі бойынша командалардың бірінші ойыншыларды, белгілеген жалаушаға дейін, қос аяқтап секіріп барып, секріп келеді. Келесі ойыншыға қол беру арқылы секіруді жалғастырады. Бірінші болып келген команда жеңіске жеткен болып (10ұпай) алады. Келесі команда(5ұпай) алады.
3.Қағазбен жарыс Төреші белгісі бойынша командалар қағазды жерге қойып,сол қағаз бойынша жүреді, белгіленген жерге дейін барып қайтады. Қай команда бірінші келеді сол командаға (10ұпай),екінші командаға
(5ұпай) беріледі.
4. Допты аяқтың астынан беру
Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз
орнына келгенше жалғасады. Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.
5. Қол ұстасып жүгіру. Оқушылардың барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстап жүгіреді. Кері қарай дәл солай келеді.
6. Арқан тартыс
Бұл кезеңде оқушылар арқан тартысып, қаппен секірді. Ең алдымен, арқан тартыс туралы аз-кем мәліметтер берілді. Екі топта жеңіс үшін барын салды. Арқан тартыс ойыны кезеңінде де «Барыс» тобының күші басымырақ түсті.
Төртінші «Жұлдызды сәт» кезеңінде жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
«Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар.» сайысының қорытындысы төмендегідей:
Қорытындыда жеңген «Барыс» тобын мақтап, ал жеңілген «Бүркіт» тобына бұл тек ойын екені түсіндірілді. Оқушылар сабақтың өте қызық, тартысты өткенін айтып өз алғыстарын білдірді. Мен де өз кезегімде алғысымды білдірдім. Оқушыларды қызықтырып, шабыттандыра алдым деген ойдамын.