«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.12.2017

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз еліме – дені сау ұрпақ» атты тақырыпта эстафеталық ойындар

Өтетін жері: спорт зал

Білімділік: Оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын, қимыл қозғалысын, ептілігін, икемділігін дамыту.

Тәрбиелік: Саламатты өмір салтына, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдаққа тәрбиелеу.

Түрі: Командалық жарыс

Сабақтың әдісі: Ойын

Керекті құрал жабдықтар: Ысқырық, кедергілер,  кішкене доптар, таяқшалар, секіртпелер, доп, шар , 2-парақ т\б.

 

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Негізгі бөлім.

III.Қорытынды бөлім.

 

I.      Ұйымдастыру бөлімі. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекші рапортын тыңдау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Дайындық жаттығулары.

1.Басқа арналған жаттығулар. Алдымен басымызды оңға,содан кейін солға бұрамыз (4рет). Белімізге қолымызды қойып,сағат тілімен басымызды айналдырамыз.

2.Иыққа арналған жаттығулар. Белімізге қолымызды қойып, иығымызды алға 2 рет, артқа 2 рет қозғаймыз. Содан кейін иығымызды жоғары көтереміз (4рет).

3.Қолға арналған жаттығулар.

Қолымызды 1дегенде алға созамыз, 2 дегенде жоғары көтереміз,3дегенде екі жаққа созамыз,4дегенде қолымызды түсіреміз.(2рет қайталаймыз).

4.Белге арналған жаттығулар. Қолымызды белге қойып оңға(2рет), солға(2рет) иеміз.Белімізді сағат тілімен айналдырамыз(2рет).

5. Аяқ жаттығулары. Қолымызды екі жаққа созып аяқ өкшесімен тұрамыз (4рет). Орнымызда тұрып жәй секіреміз (4рет). Тепе-теңдікті сақтап жоғары көтеріліп,қайта түсеміз(4рет).

 

II.Негізгі бөлім. Оқушыларды бірінші-екіншіге санатып екі топқа бөлеміз. Топқа тез арада ат

қойдыртамын. Ойын шартымен түсіндіремін.

Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат қою.

1-топ-«Қыран» тобы

 2-топ- «Барыс» тобы

 

1.     Эстафеталық таяқшамен өткізілетін ойын. Екі топ алдына бірдей сызық сызылады. Сызықтан 10-20м жерге бір зат немесе жалауша шаншып қойылады. Әр команданың бірінші ойыншысы алдымен оң қолына таяқшаны ұстап, жалаушаны айналған кезде, таяқшаны сол қолына ауыстырып келесі ойыншының оң қолына ұстатады. Ойын шартын бұрын орындаған топ, жеңіске жеткен болып (10ұпай) қосылады. Келесі топқа (5ұпай) беріледі.

 

2. Доппен секіру Команда сөре сызығына келіп тұрады. Белгі бойынша командалардың бірінші ойыншыларды, белгілеген жалаушаға дейін, қос аяқтап секіріп барып, секріп келеді. Келесі ойыншыға қол беру арқылы секіруді жалғастырады. Бірінші болып келген команда жеңіске жеткен болып (10ұпай) алады. Келесі команда(5ұпай) алады.

 

3.Қағазбен жарыс Төреші белгісі бойынша командалар қағазды жерге қойып,сол қағаз бойынша жүреді, белгіленген жерге дейін барып қайтады. Қай команда бірінші келеді сол командаға (10ұпай),екінші командаға (5ұпай) беріледі.

                                   

4.Допты аяқтың астынан беру

Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан доп береді. Ойын бастаушы

өз орнына келгенше жалғасады. Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

5. Қол ұстасып жүгіру. Оқушылардың барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстап жүгіреді. Кері қарай дәл солай келеді.

 

6. Арқан тартыс

III.Қорытынды бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызамын. Тыныс алу жаттығуларын жасатамын. Қай команда жеңіске жеткенін хабарлаймын. Эстафеталық ойын түрлерін өз бетімен ізденіп,қалай ойнау керектігін біліп,үйреніп келу.

 

ІV Бағалау. Ойынға жақсы қатысқан оқушыларды бағалау. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст