Ғибратты ғұмыр
Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі. Бірге оқысқан, бірге оқытқан, жұлдызымыз бір, жанымыз бір қазақ мұғалімдері (Мағжан Жұмабаев).
Мұғалім тәрбие ордасында бірінші тұлға. Ол ұстаз, ол тәрбиеші, ол зиялы азамат осыған сәйкес сексеннің бесеуіне келген ұлағатты ұстаз Малыбай Темеш Абаев Ерден ойына да, бойына да уақыттың әмірі жүрмегендей, ойы айқын, санасы сәулелі, көңілі дархан, бітімі тіп – тік осы қарияның «Ұстаз» деген қастерлі мамандықтың
аға буын өкілі екендігін мақтаныш тұтасың. Ұлағатты ұстаз, аяулы әке, ата, қадірлі қария «Қазақ ССР оқу ағарту ісінің үздігі», «Еңбек және тыл ардагері», «Целиноград ауданының құрметті азаматы» және
ауыл ақсақалдар төрағасы. Сансыз шәкірттері Қазақстанның түпкір –түпкірінде елеулі еңбек етіп жатқандардың алдыңғы қатарын құрайды. Өзінің естелігі бойынша қарт ұстаз Ағанас ауылында 1933 жылы еліміздің ең бір ауыр заманында дүниеге келген. Ел азаматтары 1941 - 1945 жылы Ұлы Отан соғысына аттанғанда ауылда қалған қарт шалдар мен жесір әйел, он – он бір жастағы жасөспірімдер сол кездегі ауыр жұмыстарды жұмыла атқарып, Отанымызға айтарлықтай еңбек етті. Ауылдағы бастауыш мектепті бітіргеннен кейін Ақмоладағы Сталин мектепбінің 9 сыныбынан кейін 1949 жылы Ақмола педагогикалық училищесіне түсіп, 1953 жылы ойдағыдай тәмамдап шығып, содан 1953 жылы Жалғызқұдық 8 жылдық мектебінде мұғалімдік жұмысын бастады. Ағанас мектебінде 40 жыл еңбек етіп,1993 жылы зейнетке шықты. Бәйбішесі -Күлпан Шәкірқызымен 57 жыл бірге ғұмыр кешіп, 5 ұл, 2 қыз өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Барлығы да үйлі – баранды елімен қатар еңбек етуде 14
немере , 15 жиен шөберелерді көріп қызықтауда. Тағдырдың жазуында шара бар ма? Бәйбішесі Күлпан 2011 жылы наурыз айында өмірден озды, жатқан жері жарық болсын! Соғыс уақытындағы еңбегі еленіп жеңістің 60 – 65, 70 жылдық медальдармен және Талғат Бегильдинов медалі, Р. Қошқарбаевтың рейхстахқа ту тіккен төсбелгісімен марапатталған. Зейнеткерлікке шықса да қоғамдық жұмыстарға атсалысуда. Жергілікті жердегі ауылөміріне кездесіп қалатын небір қилы мәселелердің жолын тауып, шешуге белсене атсалысатынын бағалап, марқұм Нәркеш Кариұлы (мектеп директоры)
Бір сәлем саған Ерденім,
Ұстаздық болды ермегің.
Алдыңнан шығар қырық жыл,
Жастарға білім бергенің.
Тағдырын ойлап ауылының,
Жүгірдің қанша терледің.
Халқың үшін жасай бер,
Қолыңнан әлі келгенін.
Бұл да қарт ұстаздың халқына істеген еңбегінің бағалануы деп білеміз. Абайдың «Адамның адамгершілі жақсы ұстаздан» деген сөзі қарт ұстаз үшін баға жетпес қуаныш. Ендеше ұрпақтарының көпшілігі ата - әке жолымен келешек ұрпақ тәрбиелеуге ат салысуда. Үлкен қызы Гүлнар Алма – Атыдағы қыздар институтын бітіріп ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шықты. Екінші қызы Гулбану жоғарғы оқу орнын бітіріп, қазір Целиноград ауданына қарасты Бірлік мектепбінің директоры. Ал ер баласы Ерболат жоғарғы оқу орынын бітіріп, Нұра ауданына қарасты Майоровка мектебінде мұғалімдіктен бастап, мектеп директоры, одан аудандық маслихат депутаты, кейін ауылдың әкімі болып жұмыс атқаруда. Келіншегі Гүлшат Мырзабекқызы математика, информатикадан сабақ береді. Немересі Дана Қайратқызы педагогикалық колледжді бітіріп, еңбек етуде. Немерелері – Қанатқызы Сымбат, Талғатұлы Еламан дамұғалімдік жұмыстарын атқаруда. Тағы бір немересі Ерболатұлы Ерхан Астана педагогикалық колледжінің ақырғы курсында, ендеше бұл да болашақ мұғалім. Ұстаздан тараған ұрпақтарының көпшілігі әке – ата жолын таңдаған. Сондықтан да қарт ұстаз ұрпақтарына білім мен тәрбие жолындағы асқақ та, абыройлы қызметтерін еңбекқорлықпен ұстамдылықты қатар ұстап, биіктен көріне беруін тілейді.