Сабақтың тақырыбы: Оркестрдегі үрмелі ағаш аспаптар
Сабақтың мақсаты:
Орыс халқының музыкалық аспаптарымен таныстыру
- Әннің ырғағын таза алуға үйрету;
- Аспаптар туралы ұғымдарын кеңейту;
- Музыка аспаптарын күтуге тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: аспаптардың суреттері,оқулық, дәптер,үнтаспа.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
- Сабаққа зейіндерін аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
II. Негізгі бөлім. -Түсіндіру
-Оркестрдегі үрлемелі ағаш асапаптар қатарына: флейта, гобой, кларнет, фагот аспаптары жатады.
-Флейта-үрмелі музыкалық аспап. Флейтаның пайда болған жері Азия деп саналады. Ол көбіне ағаштан жасалады.15-17 ғасырларда флейта аспабы әбден жетілдірілді.қазіргі кезде үш бөліктен тұратын флейтаны пайдаланады; ұзындығы 72 см-ге дейін, 16-18 ойығы бар. Флейта симфониялық оркестрде, джаз оркестрінде, әскери үрмелі оркестрдеқолданылады.сондай-ақ жеке (соло) шығармалар да орындайды. Флейтаға
арнап И.С.Бах.,Г.Ф.Гендель,В.А.Моцерт,Л.В.Бетховен,А.А.Альябев сияқты композиторлар шығармалар жазды.
-Гобой -үрмелі музыкалық аспап. Бас жағы керней тәрізді кеңейтілген қысқа түтікке жалғанған, ұзындығы 59-61 мм-дей ағаш түтікшеден жасалады. Симфониялық оркестрдің құрамында және ансамбльдерде жетілдірілген тілшелі (клапонды) гобойлар пайданылады. Қазақстанда 1934 жылы музыкалық оқу орындарынды гобой кластары ашылды.
-Кларнет-көп тілді музыкалық аспап.Кларнет ағаштанжәне пластмассадан жасалады. Ол сыбызғының негізінде 17-ғасырдың аяғында пайда болды. Ұзындығы 680 мм, шамамен 20 тілі, 7-ойығы бар. Кларнеттің кіші кларнет, альт- кларнет, бас-кларнет, контрабас-кларнет сияқты түрлері бар.
-Фагот- үрмелі музыкалық аспап. Сыртқы түрі қосақтасып байластырылған бір буда ағаш тәрізді.
Ол ағаштан, кейде пластмассадан жасалады. Ұзындығы 1350мм-ге жуық;дыбысшығаратын басқыштары (клапондар) мен үрлейтін тілшесі бар, дыбысы жұмсақ.фаготтың алғашқы түрін 16-ғасырда Италия музыканты А.Альбонези ойлап тапты. Неміс өнертапқыштары ойлап тапқан фаготты қазіргі кезге дейін дүниежүзі елдерінің орындаушылары жоғары бағалап, қолданып келеді. Фагот тұрақты тұрде симфониялық оркестр құрамында.
- Музыка тыңдау
В.А.Моцерт «Сиқырлы флейта» үзінді тыңдау.
-Музыка сауаты
Оркестрдегі үрмелі аспаптар: флейта, гобой, кларнет, фагот.
Флейташы – флейта аспабында ойнайтын кәсіби музыкант.
-Дауыс жаттығуы
-Ән үйрену: «Гүлжариза Қазақстан»
III. Қорытынды
- Бекіту сұрақтары:
1.Флейта аспабының құрылысы қандай?
2.Фагот аспабының даму тарихы туралы әңгімеле.
3.Гобой аспабының құрылысын сипаттап бер.
4.Кларнет қандай аспап? Оның түрлерін ата.
-Үйге: Тақырыпты оқу, кестені толтыру
Симфониялық оркестр құрамы
Аспаптар атауы
Ішекті - ыспалы аспаптар Үрмелі ағаш аспаптар