Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең
таратау. Окушыларды және ата – аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігің түсіндіру. Салауаттану – адам жанынаң да, тәнінің денсаулығын жақсаруы, сондыктан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Өтілетін орны : спорт зал
Сабақтың барысы:
І. Сәлемдесу
ІІ.Таныстыру
ІІІ.Сайыс шарттарымен таныстыру
ІV.Марапаттау
Жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, ата - аналар!
Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар!
Бүгінгі күн әуенін бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық!
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән шырқалады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күн бойғы шаршағанды.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер! Бүгінгі Анам әкем және мен» отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұл – байқау емес, бұл – отбасы мерекесі. Біздің мақсатымыз ата - аналарды сынап, мектеп өміріне қатыстыру және ата - аналардың ақылдығын, білгіштігін, әртістік қабілеттерін, достығын көру болып табылады.
Жүргізуші:
Спорттық күнге арналған,
Бүгінгі бәйге қандай – ды!
Кім келер екен алдында,
Жарыс тек жүйрікті таңдайды, - дей отырып, сайысты бастауға рұқсат етіңіздер. Сонымен ортаға сайысқа 2 сынып окушылары қатысады.
Жүргізуші:
1. Қарсы алыңыздар! 2а сыныпты шақырамыз.
2. Қарсы алыңыздар! 2ә сыныпты шақырамыз,
Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымызда әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Алғашқы сөз мектеп директоры Бауыржан Аманжолұлына беріледі
Ескерте кетейік. Бағалау ұпайлары 1, 2, 3, 4, 5 ұпай аралығында бағаланады.
Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін топтардың ұпайлары айтылып отырылады. Ендеше сайысымызды бастаймыз.
1-кезең – «Жылдамдық» (Баскетбол доппен кедергілердің арасынан өтіп кольцоға доп лақтыру)
Отбасылар: Байысовтар отбасы «Қыран» тобы
Оспановтар отбасы «Жас қанат» тобы
Жағыппаровтар отбасы «Қабылан» тобы
Ұпай сандарын сұрау
2 - кезең – « Аналар сайысы » ( Қаппен секіру 10метрге, бір рет аунап допты алып Баскетбол шенберине салу
3 - кезең –« Батыр әкелер » ( Арқан тарту )
Ұпай сандарын сұрау
4 - кезең – « Иық күрес » ( Әкелер )
Келесі кезекті әділ қазылар алқасына сөз кезегін беріп, ұпай сандарын сұраймыз.
Ұпай сандарын сұрау
5 - кезең – « Шамшырақ » (Баскетбол добымен кедергілердің арасынан барып, скакалкамен қайту)
Ұпай сандарын сұрау
6 - кезең - « Нағыз отбасы» (Волейбол добымен барып шелекке допты 3м қашықтықтан салу)
Ұпай сандарын сұрау
Жүргізуші: Сөз кезегі әділ қазылар алқасында. Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айтсаңыздар.
Жүргізуші: Осымен « Әкем, анам және мен » отбасылық сайысы аяқталды. Өмірлеріңіздің әр күні осындай жеңістер мен сәттіліктерге толы болсын. Көп рахмет!