«Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыбында өткен іс - шаралардың анықтамасы.
Қызылжар орта мектебінде 2017 жылдың қараша айының 23 жұлдызынан 25 жұлдызы аралығында оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назар аудару және балаларға қатыгездік танытудың, тәрбиелеудің зорлық әдістеріне жол бермеу туралы ақпараттар таратылып, тренинг сабақтар мен сыныптан тыс тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назар аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру.
Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Егер бала отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алса, онда бұл да зорлық зомбылықты жоюдың бір ісі деп ойлаймыз.
Біздің мектептің бастауыш сынып оқушылары өздерінің бақытты балалық шақтарына сурет салу арқылы саяхатқа шықты
Орта және жоғары сынып оқушыларынан сауалнама мен тренинг сабақтары
жүргізілді.
Тренинг тақырыбы:« Бақытты балалық шақ»
Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат
беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және
зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық
туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға,
бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де,
тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Сондай ақата-аналармен «Отбасындағы қысым көрсетуді болдырмау жұмыстарының ерекшеліктері» атты тақырыпта семинар тренинг өтті. Мақсаты: Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу,отбасындағы баланың әлеуметтік – психологиялық денсаулығына, білімділік қызығушылығына және жеке тұлғалық қасиеттерінің ашылуына қолдау көрсету.
Әйелдер мен балаларға
қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды
жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек іс болып табылады.
Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы
және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың
дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы
емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей
дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Бүгінгі күні отбасына
қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен
қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды
қабылдау қажеттілігі туды. Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте
осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.
Балаларға қамқорлық
жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу - бұл тек мемлекеттің ғана
емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.
Қорытынды: Отбасында
адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық
сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
(Н.Ә.Назарбаев) - деп елбасымыздың сөзімен қорытындылау.
Психолог: Б.С. Муканбеталина