«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10.11.2017

2017 жылдың 10 қараша күні Қызылжар орта мектебінің   «Ұлы тұлғаның жеңіс жолындағы ерен

еңбегі»-атты аумақтық байқау өтті.Оған  7 мектеп қатысты.Байқаудың  негізгі мақсаты Мәншүк Мәметованың өмір баянымен таныстыру арқылы отансүйгіштік сезімдерін арттыру, оқушылардың ойлау белсенділігін, ой-өрісін дамыту, әдеби тілін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу;

 - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қасиеттерін, қабілеттерін дамыту,өмірге, қоғамға көзқарастарын

айқындауға ықпал ету;

 - оқушылардың патриоттық, руханиадамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу;

Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Абишева А. С. 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстағы  ата- бабамыздың, Мәншүк Маметованың ерлігін ешқашан ұмытылмайтынын ескере отырып, байқауға келген оқушыларға сәттілік тіледі.

    Эссе нәтижесі бойынша 8 оқушы қатысты. Эссе «Ұлы даланың батыр қызы». «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды», «Соғыссыз, бейбіт күнді бағалайық» тақырыптары бойынша жазылды. Үш оқушының  жұмысы сөз тіркестеріне дейін бірдей келіп, интернеттен жаттанды жазылған. Өз ойын  жеткізе алмай мазмұндама ретінде жазды.  Алға шыққан оқушылар эссенің тақырыбын ашып, ойын, ішкі сезімін толық жеткізе білді. Тақырыпқа филсофиялық тұрғыдан қарағаны көрінді.

Тақырыпқа арналған тест 20 сұрақтан құрылды. Әр сұрақтың төрт нұсқа жауабы ұсынылды. 20 сұрақтың 18 сұрағына дұрыс жауап берген  Қызылжар орта мектебінің 10-сынып оқушысы Алтаева Камила,  17 сұраққа дұрыс жауап берген Қосшы №2 орта мектебінің  оқушысы Амантаева Аружан. Жоғарыда аталған оқушылар екінші турға жолдама алды.

Сахна саңлақтары сайысында  Актерлік шеберлік, Мәншүк Маметованы сомдауы, сахна мәдениеті, уақытты тиімді пайдалану, киім кию критерилерін сақтай біліп 1 - орынды Красноярка орта мектебі, 2 - орынды Қосшы 2 орта мектебі иеленді.

Қазақтың ұлы қызы Мәншүк Маметованың ерлігі туралы оның Отанға деген, әке - шешесіне деген сүйіспеншілігі жайлы, жауынгер жолдастарымен қарым - қатынасы жайлы көрермен үлкен әсер алды.

Орындаған: тарих пәні мұғалімі: Қали Айгүл

Просмотров: 463


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст