Қаһарман қыздарға тағзым!
Карина:Армысыздар,қымбатты апалар,ағалар,апайлар,қонақтар! Бүгінгі іс-шара Ұлы тұлғаның
жеңіс жолындағы ерен еңбегі атты аудандық байқау соғыс ардагерлеріне,өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдағандарға ,қан майданда әкелері мен ұлдарынан,бауырларынан айырылған әрбір
жанұяға,қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға арналады.
Карина:
Екпінін даудың басуға
Үлесімді қосамын.
Тұсау болып асауға,
Жайдың алдын тосамын .
Қыз демеңдер,ағалар,
Қайратымды сынайын.
Ерлермен тұрып пара-пар,
Қиындыққ шыдайын.
Көрініс: Мәншүк
(Капитан соғыс алаңына келіп) Сау – сәлеметсіңдер ме, жолдастар?
(Солдаттар орындарынан тұрып)- Сәлеметсіз бе,жолдас капитан?
Капитан: Жанат(төс қалтасынан хаттарда ала бастап салдаттарға): Міне, біраз хаттарда келіп
қалыпты,алыңдар! Мәншүк, анаңның беріп жіберген сәлемдемесін алғал мынау хаты (Төс қалтасыннан алған хатты ұсына беріп кідіріп қалады).
Мәншүк:Гулнази Рахмет, ағай, қалай, ел-жұрт аман ба? Анамның,әкемнің дендері сау ма екен? (хатқа қолын соза береді)
Капитан: ЖанатТоқтай тұр, Мәншүк, билемесең хатты бермеймін. Ал алматының алмасына не айтарыңды өзің біл.
Мәншүк:Гулнази Жарайды.Қане қыздар билеп жіберейік!
(қыздар «Катюша» әніне билейді. Капитан орындыққа барып отырып тамашалайды).
Капитан: Жанат Жарайсыңдар, қыздар! Бірақ, Мәншүк, бұнымен сен құтылмайсың!
Мәншүк:Гулнази Жарайды.Мен сізге Потресовтың «Алма ағашы! Деген өленің жақсылап оқып берейін.
Хош иісті қардай ақ гүлдерді жамылды.
Көрінісі осынау бір шақтағы
Секілді әсем шархат киген қалыңдық.
Кенет ұйтқып қызғаншақ жел ашулы,
Алмаларды сілкіледі жұлмалап.
Күннің көзін қорғасын бұлт жасырды
Шұғыласын түсірмеуге гүлге нақ.
Естіледі желдің шулап күлгені,
Алма жылап жалбарыңды қысылды.
Хош иісті оның аппақ гүлдерін
Өшіккен жел жұлып ұшырды.
Капитан: Жанат ( Қарсы алдында орындықта отырып сүйсіне қол соқты) Өте жақсы орындың,Мәншүк. Енді саған анаңның хатын бермеске болмас.(Қолындағы қағазды ұсынды)
Мәншүк: Гулнази Қандай тамаша жазылған өлең!Мен табиғатты өмірді соншалықты сүйемін:осындай жанға жайлы көңілің сүйетін өлеңді естігенде жаның бір түрлі жадырап, бүкіл ауыртпалықтан арылғандай
жеңілдеп қаласың.Бүгінгі соғысты зеңбірекутің дамылсыз гүрсілін, миналардың
жерге түсіп жарылғанын дав ұмытасың.мен өзім өлеңді, әнді жақсы көремін.
Капитан:ЖанатИә,шырағым,өлең,ән адамның рухани азығы ғой.
Мәншүк: Гулнази (капитан әкелген алманы бетіне тақап, құмарлана иіскеді де) Шіркін,
біздің Алматының апортымен тең түсетін ешқандай да жеңіс жоқ қой, рахмет, осы сәлемдемені сонау Қазақстаннан қалай көтеріп келдіңіз?
Капитан: Жанат Қалқам Мәншүк-ау,елдің сәлемдемесін, оның үстіне анаңның қолынан шыққан сәлемдемені қалай әкелмеске! ( Күліп жауап береді).
Солдаттар:Камилла, Нурсултан Онда қане, жігіттер,қыздар,Мәншүктің құрметіне ән салып жібермейміз бе?!
(Ән орындалады).
Сахна жабылады.
Карина: Азғантай уақыттың ішінде мәншүк пулеметпен атды шебер меңгеріп «Үздік пулеметші! Атағын
алады.1943 жыл 15- қазанда невель қаласы үшін жойқын соғыс басталды.№100 батальон Невель қаласының солтүстік-батыс жақ тұсын қорғады. Осы шайқаста Мәншүк ерекше көзге түсті.
Сахна ашылады. Соғыс алаңы. Атылған оқтың, ұшақтардың дауысы шығып жатады.
(Мәншүк жүгіріп келе жатып) -жігіттер жау солтүстік-батыс жақтан келіп қалыпты! (арқа жағынан оқ тиеді).
Карина:«Максимнің»оғын жауға жаңбырша боратты.Өжет қыз өзіңе келген көмекші отрядтың жеңісін көре
алмайды.Аяусыз атқылаған жау оғы тағы бір жас өмірдің гүлін үзіп әкетті.
Сахна жабылады.
ӘН: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам».