«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

27.10.2017

9-11 сынып оқушыларымен «Өмір қымбатсың маған!»

тақырыбында өткізілген іс-шараның қорытындысы

9-11 сынып оқушыларымен өмірде өзіне сенімді болуға, өзін табуға, алдына мақсат қоя  білуіне  не үшін, не істеп жүргеніне жауап бере алуға үйрету мақсатында  психолог Б.С.Муканбеталинаның жетекшілігімен

іс-шара өткізілді.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слаидтарды пайдалану, «мен өмірді  қолдаймын» деген жазуы бар плакат, түрлі-түсті қаламдар, ақ парақтар, түрлі –түсті фломастерлер, қайшы, жапсырма қағаздары.

Сабақтың болжамданған нәтижесі: Өмір құндылығы туралы тереңірек білім алады, өмірдің мәнін түсіне біліп, өмірге құштарлықтары артады.

Сабақтыңжоспары:

1.« Мен бүгін » жаттығуы

2.    « Өмір талпынысы » тренингі.

3.    «Әлемнің жеті кереметі» бейне ролик.

4.    Сергіту сәті: « Саяхат » ойыны.

5.    Аутотренинг.

6.  « Өмір символын жасау » жаттығуы.

7.     «Поэзиялық сыр шерту»  оқушылар өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды.

8.     «Бірге  күштірек, сенімдірек, бақыттырақ» тренингі. Оқушылар плакатқа өздерінің қол таңбаларын салып, өз жұлдыздарын жабыстырады.

Қорыта келгенде оқушылар осы тренингтен алған әсерлерін айтып, плакатқа өз қолтаңбаларымен қоса тілектері жазылған жұлдыздарын жабыстырып, мен өмірді сүйемін деген сөздермен аяқтады.

                                                                                 

Мектеп психологы:   Б.С.Муканбеталина

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст