Күзгі бал – 2017
Жүргізуші:
Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Жүргізуші:
Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің
тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені-деп ақын ағаларымыз тебірене жырлағандай ортаға 8-сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алайық.
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға 9-сынып оқушыларын шақырамыз.Би: Күзгі вальс
Жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі
Ортаға 8-сынып оқушыларын шақырамыз.Би: флэшмоб
Жүргізуші:
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызылмидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай, -деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабыт пен сары алтынға теңеп жырлағандай. Келесі кезекті
10 - сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алайық.Көрініс: Күз
Жүргізуші:
Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық,
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,
Ән-шашуын біздерге алып келген,
10-сынып оқушысын ортаға шақырайық.
дей келе-Әлібек Аружан мен Нокешов Темирболаттың орындауында ән: Болайық бірге
Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей-дей келе, келесі кезекті 9-сынып оқушысы Мынжасарова Каринаның орындауында ән ЛЕЙЛА
Жүргізуші:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Хар хандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Жүргізуші:
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар
Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстазым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!