«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10.10.2017

Қызылжар орта мектебінің 22 қыркүйек «Тілдер» мерекесіне орай өткізілген апталықтың есебі

2017-2018 оқу жылындағы қыркүйек айының 22-29 аралығында Қызылжар орта мектебінде, «Дарын»

гуманитарлық әдістемелік бірлестіктің жоспары бойынша «Тілдер» апталығы

өткізілді. Апталықтың мақсаты Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында

үш тілділікті насихаттау.    Алғашқы 22 қыркүйек күні мектептің акті залында апталықтың ашылу салтанаты өткізілді.

Ашылу салтанатында оқушылар үш тілде ән салып, би билеп, үш тілде өлеңдер

оқыды. Тіл туралы көріністер көрсетілді.  Мектебіміздің директоры Бауыржан Аманжолұлы

Камиев  оқушылар мен ұстаздарды тілдер мерекесімен құттықтап, өз тілегін жеткізді.

22 қыркүйек күні 1-4 сыныптар аралығында «Тілім деп соққан жүрегім!» тақырыбында тәрбие

сағаттары жүргізілді. 4 сынып жетекшісі Джумабаева Нұргүл оқушыларымен өте

жақсы тәрбие сағатын өткізіп, оқушыларын ана тілін сүюге, өзге тілге құрметпен

қарауға шақырды.

«Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында қабырға газеттерінің байқауы жарияланды нәтижесінде 7 және 8 сынып оқушыларының жасаған газеттері үздік деп танылып, марапатталды.

   Гуманитарлық әдістемелік бірлестіктің шешімімен апталықта тіл мамандары сыныптан тыс

іс-шаралар өткізді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Мадинаш Айсұлу мен Абаев

Еламан 25 қыркүйек күні «Үш тілділік заман талабы» тақырыбында 9-11 сыныптар

аралығында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты оқушыларға үш тілді білу маңыздылығы

туралы талқылап, өз ойларын жеткізуге мүмкіндік беру болатын. 10 сынып

оқушылары Әлібек Аружан мен Айкен Медет үш тілділік туралы баяндама оқып, 9

сынып оқушысы Картай Перизат пен 11 сынып оқушысы Аманжолов Ерасыл өз ойларын

еркін әрі дәлелді түрде жеткізді. Ұстаздар өз мақсаттарына жетті.

Қыркүйектің 26 күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Каскатаева Аида «English party» кешін өткізді. Кеште 5-11 сынып оқушылары ағылшын тілінде өлеңдер оқып, ән салды, би биледі. Кештің мақсаты оқушылардың

ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру болатын. Ағылшын тілінде 11 сынып оқушысы

Мукашева Индира «Radioactive» әнін және 10 сынып оқушысы Әлібек Аружан «I’m not

the only one» әнін ағылшын тілінде жоғарғы деңгейде орындады. Мектебіміздіңдарынды да, үздік оқушылары 6 сын ып оқушысы Рамазан Мүбарак «English language» шығармасын мәнерлеп оқыса, 8 сынып оқушысы Рамазан Тоғжан «My Motherland» өлеңін ағылшын тілінде шебер жеткізе білді.  Іс-шара өз мақсатына жетті.

«Үш тұғырлы тіл» тақырыбында мектебіміздің кітапханасында кітаптар бұрышы ұйымдастырылды.

Кітапханашы Калиманова Регина Рафхатовна бірнеше тілде жазылған кітаптарды көрмеге қойып, оқушырды өзге тілдегі кітаптарды да оқуға кеңес берді. Тіл туралы заңнамалар мен түрлі кітаптарды таныстырды.

Жоспар бойынша 27 қыркүйек күні орыс тілі пәнінің мұғалімі Хамзина Гүлден мен қазақ тілі

пәнінің мұғалімі Ахметбекова Камшат орыс-қазақ тілінде 5-6 сыныптар аралығында кіріктірілген «Мың бір мақал жүз бір жұмбақ» сайысын өткізді. Мақсаты қазақ- орыс тілінде оқушылардың ойлау қабілетін арттыру болатын. 28 қыркүйек күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шынбаев Ерлан Серікұлы «Алаш үміті» атты 5-10

сыныптар аралығында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты алаш қайраткерлерінің жалынды өлеңдерін мәнерлеп оқып жеткізу болатын. Сайыс өз мақсатына жетті. Сайыста үздік болып танылған 6 сынып оқушысы Әбдіғаппар Аружан, 8 сынып оқушысы Тілеугелді Гүлсара мен 9 сынып оқушысы Жұмағали Қырмызы

қараша айында Түркістан қаласында өтетін сайысқа жолдама алды. Іс - шараларға қатысып үздік болған оқушылар марапаттауларға ие болды. 29 қыркүйек күні апталықтың жабылу салтанаты өтіп, үздік болып танылған оқушыларды марапаттады. Апталық жоғарғы деңгейде өтті. Тіл - ұлттың жүрегі. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, өз ойларын жеткізеді. Оқушылар ана тілі арқылы өткенін біліп, болашаққа бағдар жасайды. Өзге тілдерді меңгеру арқылы оқушылар өзге елдің мәдениеті мен өмір салтын, жетістіктерін танып біледі. Осы орайда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жастар қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас үшін және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде тану керек» -деген. Елбасымыздың аталған мақсатымен   мектебімізде үш тілділік бағдарламасы бойынша іс-шаралар жыл бойы жалғасын табады.

«Дарын» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі                 Каскатаева А.Г.

Просмотров: 532


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст