Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
«Бұған дейін жасалғандардың бәрін
одан да жақсырақ етіп жасауға болады».
Генри Форд
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын
қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы
туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға
қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын зерттей бастаған
сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын
табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. 12.06-23.06.2017ж. аралығында Көкшетау
қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Жаңартылған білім
беру бағдарламасы» атты 2 апталық курста толық нұсқасын меңгерудің сәті түсті.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім
мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды
бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен
әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей
білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі
құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы
тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру
ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны
қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай
білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді
жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді
қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен
бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Ең жоғары балл 60 ұпай, орташа балл 48 ұпай деп
белгіленеді. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау
жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде
пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін
дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім
жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі
оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі
болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен
оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де
осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан
бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы
көңілді қуантады. Курстың маңыздылығы да міне, осында.
Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін меңгерту.
Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар,
педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары да қарастырылды.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні,
баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп
қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін,
мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек
өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті
деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де,
үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті
жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.