«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

08.09.2017

06.09.2017 жыл

Ата-аналар комитетінің жиналысы

Хаттама №1

Қатысқан ата - аналар:

1.Идрисова Р.                          11.Мектеп директоры Камиев Б.

2.Асылбекова М.                     12.Ильясов Е.М.

3.Абдрашитова Н.                   13.Шынбаев Е.С.

4.Иманбаева А.

5.Жұманбаев Н.

6.Қазбек А.

7.Камалова Л.

8.Ильясов Е.

9.Кожасова А.

10.Серік Г.

 

Тақырыбы: «2017/2018 оқу жылының ерекшеліктері»

 

Күн тәртібінде

1.Жаңа оқу бағдарламасына қосылған 2,5,7 сыныптар және сабақ кестесі туралы /оқу ісінің меңгерушісі

А.С.Абишева/ 2.Критериалды бағалау дегеніміз не? /Н.Х.Абдрашитова/

Тыңдалды: Мектеп директоры Б.А Камиев алғы сөзінде мұғалімдердің жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өткендіктерін және әлі де үш мұғалім тіл курсынан өтіп жатқандығын айтты. Биыл сабақ уақытының ұзақтығы 40 минут екендігіне тоқталды. Ол жайындағы құжаттарды көрсетті.

Бес күндікке арналған күнделікті алу міндетті емес, дәстүрлі күнделікпен жұмыс жүргізе берілетіндігінен хабардар етті. Бірінші сұрақ бойынша А.С.Абишева сөз алып, презентациядан биылғы жылдың ерекшеліктерін көрсетті және факультатив сабақтарының баланың ізденіске, жаңашылдыққа жетелейтінін айтты.

Ата-ана  оқушылардың бес күндік оқуына қарсы еместігін айта отырып, шын мәнінде факультатив сабқтарының мәні зор, оқушылардың сана-сезімдері біліммен толықтырып отырса, нұр үстіне нұр болар еді деді.

Екінші сұрақ бойынша 1,2,5,7 сыныптарда баға қойылмайды, бөлім аяқталған соң қалыптастырушы  бағалау алынады. Тоқсан аяғындаНазарбаев зияткерлік мектебі ұсынған дайын бағалау парақтары арқылы жиынтық бағалау алынады.

Қаулы. Ата - аналар және ұстаздар биылғы жылдың ерекшеліктерімен танысып, бес күндік оқу жүйесіне қарсылықтарын білдірмеді. Демалыс күндерінде оқушылар өздігінен қосымша білім алып, физикалық дамуына жағдай жасалынады деді. Сонымен бірге, сабақтардың күніне 7-8-ден болуына, әр пәннің40 минутқа қысқартылуына ата - аналар қауымы қарсы емес.

Ата - аналар комитетінің төрайымы: Идрисова Р.С.

Хатшы:Асылбекова М.

Просмотров: 393


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст