«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

05.06.2017

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынның сценарийі

 

25 мамыр 2017 жыл сағат 11:00 - де

 1 –жүргізуші: Мадинаш Айсұлу,  2-жүргізуші: Шынбаев Ерлан

(мектеп алаңы безендірілген, шарлар, қоңырау, гүлдер ілінген,

«Сәт сапар, жас түлек!»).

І. Сапқа тұрғызу.

ІІ. Рапорт тапсыру.

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

1-Жүргізуші:        

Думанды дүбір ән жырлы

Жайқалған өмір жас бағы

Мінеки, тағы бір жылды

Сырғытып ары тастады.

                      Ұстаздардың  – жаны нұр

                                Шаттық күйін бөліскен.

                      Аяқталды тағы бір

                                Оқу жылы жеміспен.

2 -Жүргізуші:       

Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,

Жақұтың  жарқырап тұр нұр төге бір!

Аты тым жақын ұяң- мектеп болса,

Бақытың – алдыңдағы  үлкен өмір!

Бөленіп алтын, темір, мыс, асылдар,

Өріліп алдан үлкен, кіші асулар,

Төгіліп сағыныштарың, қарлығаштар,

Керіліп келешекке ұшасыңдар!

1-Жүргізуші:      

Бүгінгі салтанатты жиын – 2016-2017 оқу жылындағы 11 – сынып оқушылары үшін аса салтанатты күн. Бүгін 11 – сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылады. 11 жыл бойы бұл оқушылар ұстаздарды тік тұрып қарсы

алса, біз бүгін үлкен өмірге қадам басқан түлектерді тік тұрып қарсы алайық.

2-Жүргізуші.

Қарсы алыңыздар! Алдарыңызда 11 сынып оқушылары:  Сынып жетекшісі Жұманбаева Айнұр Рахымбековна. Сыныпта 9 оқушы. Олар:  

1. Амирова Аружан

2. Асылбекова Асель

3. Бораш Дамир

4. Камалова Айнұр

5. Карсаков Рустам

6. Көппай Таңат

7.Өнерхан Гүлназ

8. Сабыр Дидар

9. Сетжан Жандос

 

ІІІ. «Мектеп түзел! Тік тұр! ҚР мемлекеттік туы енгізілсін!»

ІҮ. «2016-2017 оқу жылының аяқталуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау! атты салтанатты жиынды

ашық деп жариялаймыз!».

Ү. ҚР Мемлекеттік Гимні орындалсын.

1-Жүргізуші.

Бүгінгі салтанатты жиынға келген құрметті қонақтармен таныстырып кетсек:

1. Қабанбай батыр ауылдық округінің бас маманы Оспанов Шәмшіғали Серікққалиұлы

 2. Целиноград ауданының құрметті азаматы, Елімізге еңбегі сіңген аға ұстаз Абаев Ерден Абайұлы

 

1-жүргізуші: 

Келешек қой түлектер барға шүкір

Алдарында ақ қанат арманы тұр.

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.

Жетелейді  қиялы алға ұшқыр!

 

Ажырамай ұжымынан бір елі сіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік мектептің басшысына

Түлектерге арналсын тілегіңіз.

Құттықтау сөз мектеп директоры Камиев Бауыржан Аманжолұлына беріледі (мектеп директорының құттықтау

сөзі).

 

2-Жүргізуші:

Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Сөз кезегі құрметті қонағымыз 

1.Қабанбай батыр ауылдық округінің бас маманы Оспанов Шәмшіғали Серікққалиұлы

 2. Целиноград ауданының құрметті азаматы, Елімізге еңбегі сіңген аға ұстаз Абаев Ерден Абайұлы

 беріледі.

 

1-Жүргізуші.

Күмбірлей күй естілсе домбырадан

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке

Елітіп тұла бойың балбыраған.

 

Сахнада «Ұйғыр биі» биі

Жетекшісі: Лечева Бибигуль Тельжановна

1 жүргізуші:

Жайнаса бал-бұл  бүлдіршін

Бір сынып тағы өрлеген

Түлектер тұйық, кім білсін.

Сезім бе қимас кернеген

Мерейлі топтан алқалы

Сыр тартып бір көрейік 

Сөз кезегін, ал қане,

Балдырғанға берейік.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

 

Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

Барлық  1 сынып оқушылары

Әрқашан сәтті жол болсын

Сапарларыңыз оң болсын!

 

1-жүргізуші:    Алдыңа келіп, ұстазым,

                      Тұңғыш қалам ұстадым.

                       Күлімдеген көзіңнен.

                       Мейірім мен сезінгем.

                       Сипадың да басымнан,

                       «Әліппені» ұсындың.

                       Бақытымның осыдан

                       Басталғанын түсіндім.

Би: «Орыс биі» Жетекшісі: Лечева Бибигуль Тельжановна

 

Мектеп бітіруші түлектер, 11 жыл бойы сендерді білім нәрімен сусындатқан  мұғалімдердің арасында бүгін өздеріңнің алғашқы ұстаздарың тұр  Қожасова Айгүл Сәбитқызы, Сізге келесі құттықтау сөз алғашқы ұстазға беріледі.

 

2-Жүргізуші.

Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?

Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?

Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,

Сөз кезегі  - жетекші бапкерлерде.

 

Ортаға 11  сыныптың сынып жетекшісі Жұманбаева Айнұр  Рахымбекқызын шақырамыз.

 

Ән: «Мектебім»

Орындайтын: 11 сынып оқушылары

 

1-Жүргізуші:

Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен 11-дің  «алтын кілтін»

Ізін басар сыныпқа тапсырады. ( Амирова Аружан )

 

Білімнің алтын кілтін 2018 жылдың болашақ түлегі Саят Мәдиге  тапсырады.

 

Аружан :

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болыңдар білікті.

Орнымызды нық басар деп,

Тапсырамыз «Алтын кілтті».

 

2-жүргізуші: Жүректер лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.

(11 сыныптың дайындаған номерлері: күй, ән, ұстаздарға арнау)

 

( Алгебра пәнінің мұғалімі

Алимсурина Бақытгүлсін  апайға)

Тәрбиелі сөз сөйлейсізсанадан,

Еңбекқорсыз бал жинағанарадан.

Калима апай, өзіңізді жарық нұрғабалаймыз,

Өзіңізді алып қырғасанаймыз.

 

(Еңбек пәнінің мұғалімі КүнтубекДжембекович)

Үйретіп өмір ұстазым,

Үлгілі іске нұсқадың.

Ақкөңіл, іскер қашанда,

Күнтүбек ағай – сүйікті ұстазым.

 

(ДТІЖО Ерлан Серикович)

Жүрегі – нұр, өмірі –гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазымаұқсадым.

Ақ көңілде қарапайымқашанда,

Құрметтейміз өзіңізді Ерлан агай ұстазым.

 

(Орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі   Гүлжан Аяғановна)

Жайраңдан көктемім,күледі көкте күн,

Құшағын тұр жайып аяулымектебім.

Орыс тілін меңгерткен Гулжан  апай,

Ісіңмен үлгісің, қарызым көп менің.

 

(Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі  Жанарыс ағай)

Спорттан талай шәкіртдаярлады,

Шәкіртіне бәрін берді,аямады.

Әзілі бірге жүрер өзімен

Ержан ағай қашып кетсек аямады.

 

 (Биология пәнінің мұғалімі  Айнур Рахымбекқызы)

Айнур апай ұрсып бізді төпеледің,

 Биологияға үйреттің, жетеледің.

Шаршауды ешқашан білмеп едің,

Есіміңді төбеме көтеремін.

 

(Ағылшын пәнінің мұғалімі АидаҒалымжанқызы)

Жас ұрпаққа жалынды,

Сөз маржанын дарытқан.

Өзге тілді меңгерген,

Тіл білуді жөн көрген.

Аида апайымыз ардақты,

Орны ерекше салмақты.

   

 (Тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Серікққызына)

Мектебім төл емгізгенана тектес,

Шын ұстаз сөзің асылойдан кетпес.

Танытқын тарихымды Айгүл апай,

Еңбегіңе ешқашан баға жетпес.

 

Информатика пәнінің мұғалімі Берікағай)

Білімді шәкірттерінаялаған,

Жақсылығын ешкімненаямаған,

Берік ағай – жанашыры жас ұрпақтаң,

Ұстаз деген – ардакты,аяулы адам.

 

 (Еңбек пәнінің мұғалімі  Айнұр апай)

Сөз сөйлесе жарқын – ақ,

Күніміздей жарқылдап.

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой – сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашанда,

Қамқор болып жүреді.

Айнұр  апайға

Алғыс айтады түлегі.

  (физика пәнінің мұғалімі Күмісай Муратқызы)

Шамамызша физикадан намыс бермедік,

Дайындалмай сабағыңызға келмедік.

Білмесек те Күмісай апай сіз бізді,

Еңбегіңізді ақтаймыздеп  терледік.

 

 

 

1-Жүргізуші: 

Көңіл ашық, аппақ, адал жүрегі,

Баласының амандығы - тілері.

Құлыным! – деп, аймалаған жасынан,

Тыңдалсын ата-ананың тілегі дей келе, келесі сөз кезегі Асылбекова Әселдің ата -  анасы Қымбат апайға беріледі.

 

АДС   - қатысатын спортшыларымыздың өнерін тамашалайық!

 

2-Жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты жиын тек бітірушілер құрметіне ғана арналмайды, ол сондай-ақ 2016-2017 оқу жылының

қорытындысын шығару жиыны. Салтанатты жиынымыздың марапаттау рәсіміне кезек берейік. Оқу озаттары  мен мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысқан оқушыларды, сондай-ақ үздік жетістіктерге жеткен ұстаздар қауымын мақтау қағаздарымен марапаттау үшін сөз оқу ісінің

меңгерушісі Абишева Айсулу Сагадиевнаға беріледі.

-        Марапаттау рәсімі;

1)Үздік, екпіндіоқушыларды, қоғамдық жұмыстарға, мәдени іс шараларға белсене қатысқан

оқушыларды  марапаттау;

2)Ата-аналарды алғыс хатпен марапаттау;

1-Жүргізуші:

Гүлдерге толып омырау

Түлектер тойын тойлайды.

Қағылмақ соңғы қоңырау

Қаққызбай өмір қоймайды.

Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11-сынып оқушысы

Асылбекова Асель мен 1 сынып оқушысы  Айтқазы Исламға тапсырылады.

(Соңғы вальс  11 сынып оқушылары)

 

 2-Жүргізуші:

Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

(тілектер жазылған шарларды көк аспанға ұшыру)

 

1-Жүргізуші:

Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу

   үні. Осыдан 11 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып

қараңдаршы... сендер де сондай тәтті едіңдер,  бір сәт балалықпен қауышыңдар...Әне, олар сендерді үлкен өмірге  аттандыруға бара жатыр ... Жүректерің не дейді?

Дауыс (музыка әуенімен):

Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,

Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.

Сол бір сәттер енді қайта келер ме?

Балалығым біз өзіңді қимаймыз,

Алтын ұя мектебім мен аяулы

Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.

Қош бол енді балалығым бал дәмім

Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.

 

1-Жүргізуші: Үлкен  өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!  Жас түлектерді соңғы сабағына ақжол тілей отырып, шығарып салайық!

 

 

2-Жүргізуші:

 Қоштасады алтын ұя мектебің,

 Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн

 «Сәт сапар!» деп қол бұлғайық бәріміз,

Тілейік біз армандарға жеткенін.

ІІІ. «Мектеп түзел! Тік тұр! ҚР мемлекеттік туы шығарылсын!

ІҮ. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «2016-2017 оқу жылының аяқталуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау! атты салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!».

1-Жүргізуші:

 Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!!!

2-Жүргізуші: 

Алаңда мектеп бітіруші түлектердің құрметіне би кеші жалғасады.

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст