«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

05.06.2017

Тақырыбы: Сынып көшбасшысы (интеллектуалдық сайыс)

Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды,

озық болуға тәрбиелеу.

Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап

Түрі: Сайыс сабақ

Көрнекілігі: Тірексызбалар, интерактивт ітақта, балдық жүйе

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «Сынып көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер!

Бұл білім сайысының мақсаты екінш ісынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.

1 - кезең: «Бәйге»

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»

4 - кезең: «Жорға»

Негізгі бөлім:

- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықтыболсаң - тайғанамакөкмұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.

1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар.

Жауаптарыңдұрысболмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10

ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, сәттілік тілеймін!

- Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқанкім? (Тоқтар Әубәкіров)

3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)

4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)

6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)

7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)

8. EXPO -2017 қай қалада өтеді? (Астана қаласы)

9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)

10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)

11. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қатең.(х+50=60 х=10)

12. 28 сағатта нешетәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)

13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)

14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)

15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)

16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)

17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)

18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

19. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда

20. а+35қай түрін ежатады? (санды өрнек)

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

Айыра біл, жақсыменен жаманды,

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағында өмірдің,

Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үштілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

1. Қабат – қабатқаттама

Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)

2. Футбол шыныңалаңдағыойынзаты? (доп – мяч - ball)

3. Жүз теңгең болғанша,

Жүз.......болсын. (дос – друг - friend)

4. Әй, керемет бірит бар

Үй бағады үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз олиттен

Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)

5. Жеті қазынаның бірі –

Адамды қорып жүретін досы.

(ит – собака - dog)

3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»

- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдапалған сұраққа жауап бересіңдер.

Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру

арқылы аласыңдар. Мұндағы еңкүрделі сұраққа жауап беру арқылы 40

ұпай жинақтауға болады.

20 ұпай: Шоқан туралы көп жазған балалар жазушысы? (С. Бегалин)

20 ұпай: Үш кесінді дентұратын фигура. (Үшбұрыш)

20 ұпай: 0 ондық 3 бірлік пен 5 бірліктің қосындысы?

30 ұпай: Тыңайту дегеніміз не?

30 ұпай: Ересек адамның организмінде неше литр қан бар?

(5-6 литр)

30 ұпай: Жазылуыбір, мағынасыәртүрлісөздеген не? Мысалкелтір.

40 ұпай: Үйтапсырмасына 24 сөзжазуғаберілді. Әселоның 10 сөзіноқыды.

Әселендінешесөзоқуыкерек?

40 ұпай: Қ. Р. Ұлтаралықтілі?

40 ұпай: Көкжиектіңнегізгітұстарыната?

4 - кезең: «Жорға»:

- Сендер бұл кезеңд едайындалған 20

сұрақтың қаншасынажауап берулеріңеқарайұпайжинауғаболады. 1 сұраққа 1 минут

уақытберіледі. 1 сұрақ 1 ұпайболыпесептеледі. Барлықтарыңасәттіліктілеймін!

1. Үш би?

2. Қ. Р. Президенті?

3. Қазақтілінденешеәріп бар?

4. Дауыссыздыбыстарнешегебөлінеді?

5. Сөйлемнеденқұралады?

6. «Қасқыр мен түлкі» ертегініңқайтүрінежатады?

7. Төрттүлікмалдыата?

8. 1 сағаттанеше минут бар?

9. Өсімдіктіршілігіненеқажет?

10. «Үлгілі бала» кітабының авторы кім?

11. 1 дмнеше см?

12. Жуан дауыстылардыата?

13. Әкеңніңәкесісағанкімболады?

14. «Қазақхрестоматиясы» оқулығының авторы кім?

15. Астанамызқайқала?

16. Ұясалмайтынқұс?

17. Абайдыңәжесі?

18. Заттың санынбілдіретінсөздерқалайаталады?

19. «Байлық пен ақыл» ертегініңқайтүрінежатады?

20. 5 ондық пен 3 бірліктіңқосындысы неге тең?


1. Ормандәрігері?

2. «Қартқожа», «Ақбілек» кімніңромандары?

3. 12 мен 5 - тіңқосындысы неге тең?

4. Дауыссыздыбыстарнешеу?

5. Балықшысөзініңтүбірін тап?

6. Түйеніңтөліқалайаталады?

7. Қосымшанешегебөлінеді?

8. 12 ай неге тең?

9. Абайдыңанасы?

10. 7 ондық 0 бірлік неге тең?

11. Шаршы қандай фигура?

12. Түбірсөз дегеніміз не?

13. Тіктөртбұрыштың қасиеті?

14. «Сұлба» деген не?

15. Ауаның негізгі қасиеті?

16. Буын дегеніміз не?

17. Сапарғали Бегалин қай жақта дүниеге келген?

18. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?

19. 1 метрде неше см?

20. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

Қорытынды:

Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер.

Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаныүшін мадақтау.

Просмотров: 784


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст