Елбасы - елінің тірегі, Астана – елімнің жүрегі.
Ұшқан құстың қанаты талып, шығыстан шыққан күн батысына әрең жететін кең жазиралы даланы мекен еткен
«қазақ» деген іргелі елміз. Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген
ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін ол шалқар мұхиттай болар ма
еді, мүмкін ол асқақ Алатаудай болар ма еді?!
Иә, әр адамға сүйікті Отанынан, туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де
Қазақстанымды адал, сәби бала жүрегіммен мақтан етемін. «Қазақстан» деген кезде
менің ойыма бірден небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек, қандай
қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік Қазақ халқы
елестейді. Ғасырлар бойы батыр бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен
қорғап қалған кең жері – менің мақтанышым. Қазақстан жері ұлан байтақ: ол Алтай
тауларынан Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатыр. Оңтүстігіміз бен
шығысымыз биік тау сілемдерімен көмкерілсе, орталық бөлігіміз кең жазираға
ұласады. Ал батысымыз Каспий теңізіне барып тірелсе, солтүстігіміз Сібірмен
шектесіп жатыр. Менің Қазақстаным жер көлемі жағынан Франциядан 5 есе, Жапониядан
17 есе, Италиядан 9 есе, Англияның жер көлемінен 12 есе артық. Бұл - әр Қазақ баласы үшін үлкен мақтаныш, баға
жетпес байлық. Осындай жер байлығы бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа
сақталып, оңайлықпен келмегені аян. Ғасырлар бойы бағы мен соры кезектесе
отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын дауға қылышын сілтеген, тағдыры
қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр
қонған » туған елді көздің қарашығындай сақтай білген елміз. «Ерлік–ұрпаққа
ұран, елге - мұра» деген дуалы ауыз бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз азамат ұлдар тәрбиелеуге де зор көңіл бөлді. Бұған Абылайдан кейін қолымыздан
сусып кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу үшін, халықтар достығын, татулықты,
ынтымақтастықты күшейтетін елді бастар ер керек еді.
Еңселі ел болу елін дауға, жерін
жауға бермейтін білікті басшы керек еді. Сөз қадірін, ер қадірін білген Төле би
бабамыз: «Басшысы болмаса ел жетім» - деген. Ғасырлар бойы күрестер мен жеткен
тәуелсіздікті баянды ету – Нұрсұлтандай Елбасымыздың еншісіне тиді.
Сөйтіп,1990 жылдың сәуірінде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен ҚазақКСР-нің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды. «Қазіргі кезде дүние жүзінде ірі де өте ықпалды бес – алты саясаткер
бар, олардың бірі – Назарбаев», - деген болатын
Маргарет Тэтчер. Халықтың талап – тілегін ескере отырып, өз шешімімен дүние
жүзі елдеріндегі атом қаруын сынайтын Семей, Капустин – Яр сияқты полигондарды
жауып, бейбітшілікті сүйетін халқын алаңдатқан атом қаруын сынауға тосқауыл қойды.
1997 жылы 10-желтоқсаннан бастап
Ақмола қаласын Қазақстан РеспубликасыныңАстанасы
деп жариялау туралы жарлыққа Қазақстан Республикасының президенті қол қойды.
Сонымен Есіл өзені бойынан жобасы Елбасы сызып берген қала бой көтерді. Ақмола
қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретінде ресми тұсау кесері
1998 жылы 10 - маусымда өткізілді. Ақмола Астана болып дәйекті түрде өзгертіліп,
Тәуелсіз ел егемен Қазақстанның кіндік қаласына айналды.
Елорда болып жарияланған жылдан бастап Астана қаласының сәулеті мен дәулеті артқаны
сондай, бұл қаланы теңдесі жоқ сұлулық қаласы деп атасақ та болады. Еліміздің
елордасы –Астананың тарихи
тамыры тереңде. Сарыарқа қазақтары. Есіл өзенінің, қазіргі Астана қаласы орналасқан, көшкен ел
аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел деп атаған. Ал, Ақмола
атауы ХІІІ-ХІV ғасырда осы өңірде тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты
туған. Астананың әсем ғимараттары ерекше сәулетімен еріксіз назар
аударады. Мұражайлар, мұхит арал, ескерткіштер, саябақтарды сөзбен айтып
жеткізе алмайсыңАстана қаласының ажарын ашып, көз тартар ең
бір көркем ғимарат «Астана–Бәйтерек»
деп аталады. Оның ең басындағы алтын түстес жұмыр шар сәулесін шашып,
жарқыраған күнге ұқсайды. Осындай ерекше сұлулығы мен мәні бар Бәйтерек-Астананың рәмізі, бақыт пен құттың
белгісіне айналды. Күн сайын өсіп келе жатқан Астананың сұлулығына, тіпті шетелдік
қонақтар қайран қалды.
Москва-Кремлімен, Вашингтон-Ақ үйімен, Санкт-Петербуг-Эрмитажымен, Париж
эфелева мұнарасымен әйгілі болса, соның ішінде Астана –
«Бәйтерегімен» әлемге әйгілі. Тоғыз жолдың торабында, республика
территориясының төрінен, жүрегінен орын тепкен Елордамыз Астана, ертегідегідей ғажайып қаладай жыл, ай сайын емес, күн, сағат санап
қарқындап, өсіп, өркендеп келеді. Еліміздің азаматтары үшін, әсіресе жастар мен
балалар үшін «Астананы бір барып
көрсем» – деген аңсарлы Арман қалаға айналды. «Астана-Бәйтерек» монументінің жалпы биіктігі – 97 метр. «Бәйтерек» сөзінің
мағынасы энциклопедия қарасаңыз – жас, мықты, өсіп келе жатқан ағаш деген
ұғымға саяды. Сондықтан дәл осы ескерткіш әлемдік қауымдастықтағы жаңа Астананың рәмізі болып табылады. Астана – білім ордасы. Еліміздің бас қаласы
мектептерінде ұстаздық ететін мұғалімдер қамқорлыққа бөленген. Астана әкімінің
тағайындауымен «Үздік кәсіптік мектеп», «Үздік мұғалім» және сол сияқты білім
саласына арналған бірнеше гранты бар.Астана-
болашағы жарқын қала. Онда алдағы күндерде неше алуан сәулет ескерткіштері мен
таңғажайып алып кешендер бой көтерері анық. Осындай сұлу да сәулетті Елордамыз
– Қазақ елінің
мақтанышы болып табылады. Қалай десек те, атақты ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай
«Батырлар сайран салған Сарыарқаға» астананы көшіру көп қазақтың жүрегіне
жылы тиді. Талай тағдыр тауқыметіне ұшырап, бүгінгі бақытты өмірге жеткен туған
халқымыздың қуанышында шек жоқ. Астана – Еуразия құрлығының кіндігінде,
Сарырақаның солтүстігінде орналасқан, Еуропа мен Азияны көне заманнан бері
жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолының бойындағы,
көлік жолдары Қытай мен Ресейді, Батыс Еуропа мен Таяу шығысты байланыстырып
жатқан Қазақстандықтардың мақтанышына айналған, Қазақстан Республикасының ел
ордасы.
Сырт көз – сыншы. Астанасына қарап елін тану, еліне баға
беру – әлемнің қашаннан қалыптасқан салты. Алыс –жақыннан келген қонақтардың
сүйсінбейтіні кемде кем. Елбасы«Еуразия жүрегінде» кітабының
қорытындысында өркен жайып, кемеліне келетінАстананың ертеңгі күні туралы әдемі арманын баяндайды. Сол арқылы Астананың ертеңіне, Қазақстанның ертеңіне бәрімізді ұйытады. Мен Қазақ елінің жаңа
дәуір ұсынар міндеттер мен талаптарды абыроймен игеретініне әр кез сеніммен
қараймын. Астананың бүгінгі таңда ел сенімін бекітер осындай қуат көзіне
айналып отырғанына қуанамын. Сенім – қанат бітірер қуатты күш. Астанасы айбынды да, айдынды елдің болашағы да асқақ болуға тиіс. Астана – елдің
ертеңі.
Мемлекетіміздің келешегі жас ұрпақтың біліміне байланысты.
Отан үшін қан төккен бабаларымыз ешқашан ұмытылмайды. Біз де, жастар Отанымызды
сүйеміз. Бабалар ерлігін жалғастырушылармыз. Қазақстанымызға ешқашан қауіп
бұлты төнбесін. Жеңістің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының қолдауымен ардагер аталарымыз бен
аналарымызға ерекше құрмет көрсетілуде. Олардың әлеуметтік жағдайларының
жақсаруына, зейнетақыларын өсіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулықтарын
түзетуге қамқорлық көрсету шаралары жүргізілуде. Бұл – Елбасшысының тарихқа,
халыққа, болашақ ұрпаққа көрсеткен қамқорлығы деп ұғамын. Біз туған жерге
туымызды тіккен елміз! Біз – бақытты елміз! Ал, біз сол бақытты елдің мұңсыз да
қамсыз ұрпақтарымыз. Батырларымыздың ерлігіне бас иіп, тарихқа тағзым ету,
сөйтіп, ертеңгі болашақ үшін үздік оқу, еңбекте алда болу, ұлы Абай атамыздың
тілімен айтқандай «Дүниеге бір кірпіш болып қалану» біздің ең бір абыройлы міндетіміз
деп түсінемін.
Елбасының негізгі мақсаты – ел
бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға
болады.Көп ұлтты Қазақ елі ынтымағы орнаған халықтар достығы
еліне айналып отыр. Тарих дөңгелегі толассыз дөңгелеп, уақыт өз дегенін жасап
жатыр. Елбасы сайланғалы
жиырма жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа
атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен Қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты
сақтай отырып, халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырысты. Тілі, ділі, салт
- дәстүрі, әдет – ғұрпынан айырылудың аз алдындағы елге азғантай уақыттың
ішінде асыл мұраларын қайтаруға күш салды. Қазақстанды Орта Азия барысына
айналдыру үшін Елбасымыздың «Қазақстан-2030»
стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса қанат талатын кең байтақ өлкемізді
шарлап кетті.Парасаты мен пайымы, білімі мен біліктілігі мол ел қамын жеген
Президент Жолдауы болашаққа апарар үлкен жолдың бастауы. Бұл айтылмаған,
еленбеген сала жоқ. Егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апаратын
алтын сүрлеу. Еліміздің ертеңі – жастарға үлкен қолдау көрсетіп, шетелдерде
білім алуына жағдай жасап «Болашақ» бағдарламасын ұсынуы шынайы қамқорлық деп
білемін. Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа Астана – тарихи оқиға. Бұл – елдің өз
тәуелсіздігін алып, көк байрағын көтергенмен бірдей қуаныш» деген болатын. Астана
күннен күнге құлпырып өзінің рухани келбетін жаңартып, көз тартар алып
ғимараттарымен жыл сайын өркендеуде. Ауылымыздың ардагер ұстазы, ауданымызға
танымал ақын Қ.Б.Бижанов 2009 жылы аудан ардагерлерімен бірге Астана қаласынада
болып қайтты.Мектеп оқушыларымен кездесуінде Астанадан алған әсер және ЕлбасыныңАстанаға
сіңірген еңбегі жайында ризашылықпен әңгімелеп берді. Көргендерін айтып жеткізе
алмаған ағамыз « Астана-жұмақтың төрі » деген болатын.
Кәртай Перизат
8-сынып оқушысы