«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.05.2017

Сүйікті қалам - Астана

 

«Астана - Отанымыздың жүрегі,

тәуелсіздігіміздің тірегі»

Н.Ә.Назарбаев

Астана – ұлан-ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. Өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ – қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы

бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын елорда  жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала – Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.

Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын сала еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл

жолына түсті.

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.

Астана – сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара – Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.

 Не деген махаббат сұрапыл,

 Тәңірден берілген нұр, ақыл.

 Астана қазақты ғаламға,

 Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы – теңдессіз қайсарлық.

      

     Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те

көркем қала. Сымдай бой түзеген көшелер, жымың-жымың сәулелер. Сарыарқа төсін тіліп аққан ерке Есіл қала көркін асқақтата түседі.  Шаһар сәні мен дария сұлулығы сабақтасып, керемет бір тылсым тіл, симфониялық үн сезім қылын шертеді.

     Астананың  бүгінгі  көркі  бойымызды  тіктеп, жанымызды  шымырлатып, сұлулықтың  жылы  лебімен  тербейді, бүгінгі өмірдің  талабына үндесе  көтерілген ғимараттар көрген жанды  баурап  алады, көңіл-күйін  шарықтата  биіктетеді.

Аз уақыттың ішінде көркейген, түрленген, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанада дүниеге келіп, бой жеткен жас ұрпақтың еш арманы жоқ шығар...

Жайна, жасан, құлпыра бер, далам-ау,

Соны көріп, таң-тамаша қалам-ау!

Мүмкін емес сондықтан да өзіңді

Азияның барысына баламау!

Мынжасарова Карина

8-сынып оқушысы

Просмотров: 704


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст