Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қызылжар орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Джумабаева Н.С.
Семинарда өткізілген математика сабағы бойынша есебі
2017 жыл 12 сәуір күні 3 «ә» сыныбында математика сабағынын тақырыбы 120 * 3; 360:3
түріндегі жазбаша көбейту және бөлу.
Сабаққа жазбаша көбейту, бөлу дағдыларын жетілдіру; 2-3 амалмен өрнек түрінде шығарылатын есептер құрастыру және шешу дағдыларын бекіту; жазбаша көбейту және бөлу; есептер шығаруды, күрделі теңдеулерді
есептеуді қалыптастыру;пәнге қызығушылығын арттыру;өздігінен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, тазалыққа, ұжымдық жұмысқа , бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу мақсаттары қойылды..
Оқушының назарын сабаққа аударып, оқушыларды 4 үй тобына бөліп отырғыздым. Топ басшысын тағайындап,бағалау парақтарын таратып бердім. Ой шақыру кезеңінде «Математикалык жарыс» ойынын өткіздім
Мағынаны тануда көбейтудің баған түріндегі жазылуын қарастырдық. 4 үй тобы нөмерлененіп , осы нөмер бойынша жұмыс топтарына отырғызылады. Берілген есептерді төрт топқа бөлініп, берілді. Нөмер бойынша берілген есептерді (жеке, топта) шығарды. Әр топтың есептерін тексеріліп отырды.
Есептер шығарылып болған соң, өз үй топтарына оралды. Үй тобында кезекпен өзі қандай есеп шығарды , соны түсіндірді.
Ой толғанысқа «Қар көшкіні» стратегиясын қолдандым. Әр топқа теңдеулер берілді. Топтағы әр бала бір бөлігін жазды. Теңдеуді шығарып болған соң, тақтаға шығып қорғады.
Сабақ соңында кері байланыс жасалып, оқушылардың жаңа сабақты жақсы меңгергендері анықталды.
1"А" сыныбының мұғалімі Кожасова Айгуль Сабитовнаның есебі:
12- сәуір күні математика сабағынан ашық сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы "Саудаға қатысты есептер" . Мақсатым сурет және сызбаға сүйеніп қосу амалымен шығаратын есептер шығару және есеп қүрастыру жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасау; есептің бөліктері,шарты,сұрағы,шешуі,жауабына сүйеніп,есепті талдай білу дағдысын қалыптастыру.Сабақ психологиялық сәттен басталды. Слайд көрсету арқылы дүкен,сауда, ақша,монета туралы білімдерін толықтырдым.Сабақтың мақсатына жету үшін "Көгөністер дүкеніне"саяхаттан бастадық.Оқушылар жұппен келіп,керек заттарын ақшаға сатып алды. Әр жұптың алдында тапсырма жазылған парақшаларға есептің қысқаша жазылуын,сызбасын,шешуін және жауабын жазып берді.
Жұпта жұмыстарын орындап тақтаға шығып қорғады. Келесі кезең оқулықпен жұмыс болды.Тапсырма: қайсысы есеп екенін табу керек еді.Оқушылар өздері оқып шығып,Ә нұсқасы есеп екенін бірден айтты,себебі шарты,сұрағы берілген.Дәптермен жұмыс арқылы оқушылар берілген сурет бойынша есеп құрастырды,сызбасын сызды,шешуін,жауабын тауып,әр топ тақтаға шығып орындады."Үш монета"ойыны арқылы логикалық тапсырманы
орындап, монеталарды қосу арқылы есептеп шығарды.Қорытындылау кезінде оқушылар сабақта түсінгендерін айтып берді.Сабақта жоспарланған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Қалыптастырушы бағалау парағы арқылы оқушылардың білімдері тексерілді.Кері байланыс парағына оқушылар сабақты жақсы меңгергенін белгілеп көрсетті.Сабақ сәтті өтті.
1"Ә" сыныбының мұғалімі Әлменова Ақайша Сейтмұратқызының есебі.
12- сәуір күні математика сабағынан ашық сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы: Біздің кафе. Буын. Сабағыма қойылған мақсат: тыңдау барысында тілдік бірліктерді ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,сөздерде неше буын болса, сонша буын болатынын түсіндіру; мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтауболды.
Сабақ барысы психологиялық сәттен басталды. Балалар көңілді әуен ырғағымен иық, тізе, арқамен билей отырып амандасты.Тақырыпты ашу мақсатында кафе жайлы видео көрсеттім.
Кафе даяршысы ретінде мәзір ұсындым. Мәзірде бірінші, екінші тағам және тоқбасар ретінде тапсырмалар беріп отырмын. Әр тапсырманы орындаған оқушы үстел жабдықтарын ( тәрелке, шанышқы, пышақ, ыстақандар) қоюға көмектесті.
1-тапсырма. Рөлге бөліп оқу, қарама -қарсы пікір білдірді.
2- тапсырма. Жануарлардың атауын буынға бөліп жазды.Оқушылар өздері жазған буындар бойынша ереже ойлап тапты.
3-тапсырма. Дәптермен жұмыс жасалды. Суретті қима қағаздар арқылы буынмен жұмыс жасады.
4-тапсырма. Мақалдар құрастырды.
Сабақты қорытындылау мақсатында бірнеше ашық сұрақтар қойдым.
Кері байланыста қолмайлықтарға өз ойларын жазды.Өз тарапымнан оқушыларға кері байланыс айтып кеттім.
1"А" сыныбының мұғалімі Кожасова Айгуль
Сабитовна және 1 «Ә» сыныбының мұғалімі Әлменова Ақайша Сейтмұратқызының есебі.
12- сәуір күні 1 «А» және 1 «Ә» сыныбының арасында «Біз-болашақ иесі» атты ашық сынып сағаты
өтті.
Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға өз ойын еркін айтып, білімге деген қызығушылығын арттырып, өздерінің болашақ иесі екенін сездіру.
Тарих, сауат ашу, математика,жаратылыстану, логика пәндерімен пән аралық байланыс болды.
АКТ, үнтаспа, құмсағат,тәтті кәмпиттер, ұпай қоюға арналған кестелерді көрнекіліктерін пайдаландық.
Сабақ барысы ғылымдар бәйгесі, тарих беттерінен,құпия сандық, кім жылдам
деген бөлімдерден төрт кезеңнен тұрды.
Ғылымдар бәйгесі: а+8=10 теңдеуінде а нешеге тең?Алматы облысы, Есік қорғанында табылған тарихи жәдігер?Аспан әлемін зерттейтін орын?
а, ә,и,ы,і бұл...... ?
Тарих беттерінен:Сақ тайпасының патшайымы....?Ежелгі адамдар суретті қайда салған?Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.Ежелгі адамдар қайда өмір сүрген?
Құпия сандық:Суретке үш адам түстік. Менің оң жағымда анам тұр.
Анамның оң жағында әжем тұр. Суретке қалай түстік?Суды қай кезде кесіп алуға болады?Қай натурал санның алдында сан болмайды?
Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Кім Жылдам?
І-топ
Дәрігер адамдарды немен емдейді?Қазақ әліпбиінде неше дыбыс бар?
Сенің атың кім?Сен неше жастасың?Сүтті неде алады?Алма қайда өседі?
Бейбітшілік құсы?Астанадағы өзен?Шымкент Қазақстанның қай аумағында орналасқан?Ай сөзінде неше буын бар?
ІІ-топ
Тіс дәрігері нені емдейді?Қазақ әліпбиінде неше дыбыс бар?Сенің атың кім?
Сен неше жастасың?Қымызды неден алады?Картоп қайда өседі?Үй құстарын атаАстанадағы өзен?Астана Қазақстанның қай аумағында орналасқан?Тай сөзінде неше буын бар?
ІІІ-топ
Көз дәрігері нені емдейді?Қазақ әліпбиінде дыбыстар нешеге бөлінеді?
Сенің атың кім?Сен неше жастасың?Қымыранды неден алады?Қызанақ қайда өседі?Үй құстарын ата?Қазақстан Республикасының ақша атауы? Семей Қазақстанның қай аумағында орналасқан?Бала сөзінде неше буын бар?
ІV-топ
Бестен кейінгі сан?Бір сағатта неше минут бар?Сенің атың кім?Сен неше жастасың?Ірімшікті неден
алады?Пальма қайда өседі?Чипсы пайдалы тағам?Қазақстан Республикасының ақша атауы?Ақтау Қазақстанның қай аумағында орналасқан?Мектеп сөзінде неше буын бар? Қорытындылау мақсатында оқушылар алған ұпай санымен жүлделі орындар қойылды.Кәмпиттер тарата отырып, оқушыларға кері байланыс жасалды.