«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.04.2017

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қызылжар орта мектебінің

 бастауыш сынып мұғалімі

Жунусова Асем

 

 

Семинарда өткізілген дүниетану сабағы бойынша есебі

      2017 жыл 12 сәуір күні 1 «а» сыныбында дүниетану сабағынан «Улы өрмекшітәрізділер» тақырыбында ашық жоба - сабақ өткізілді.

Жоба – сабақтың негізгі мақсаты жануарлардың ерекше  тобы -  улы өрмекшітәрізділер туралы  түсінік қалыптастыруоларды тереңірек зерттеу болды. Сабаққа  оқушылардың білімін бекітіп, тереңдету; оқушылардың   жануарлар  әлемі туралы түсінігін қалыптастыру; Оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізіп,жоба жасай білуге үйрету;ануарлардың түрлерін айыра білуге,  қосымша мәліметтерді пайдалана отырып,оқушылардың ой-өрісін  дамыту:серуендеген кезде  кенеден  сақтану жолдарын , табиғатты аялауға баулу  міндеттерін қойылды.

       Сабақты психологиялық ахуал тудыру  оқушылар мақсатында бір-біріне жылы тілектер айтты.

     Сабағымды СТО технологиясы бойынша өткіздім. Ой шақыру бөлімінде оқушылар «өрмекші» сөзін естігенде  ойларына не келетінін жазып шықты. Оқушылар өз жауаптарын парақ бетіне түсіріп, жұпта, топта талқыға салды. Әр топтан спикер шығып жауаптарын таңдау барысында оқушылардың ойына кене,бүйі,қорқынышты, өрмекші, өрмек  келетінін білдім.  

      Мағынаны тану бөлімінде алдын ала дайындалған жоба кітапшасы таратылып, алғашқы бетіне жоба жасаудың мақсатын жазды. Содан соң видеороликтен өрмекшілердің түрлері көрсетіліп, оны балалар жоба-кітапшаның «түрлері» бөліміне жазды.  

  «Қызықты деректер» бөліміне бейнематериалда берілген 10 қызықты мәліметтерді түртіп көрсетті. Әрі қарай оқушылардың алдарына қосымша мәліметтер таратылып, зерттеу жұмысы ары қарай өрбіп, өрмекші тәрізділердің тіршілік ортасы, көбеюі, пайдасы мен зияны туралы айтылды.  Жобаның ең соңғы бетіне синквейн стратегиясын қолдандым.

     Ой толғаныста    «Бес саусақ» стратегиясы бойынша  сабақты

қорытындылап,оқушылармен кері байланыс орнады. Оқушылар  қағазға өз алақандарын бастырып салып  бас бармаққа  не үйренгендерін,балаң үйрекке неге көңіл аудару керек екенін, ортан терекке кімге көмектескедерін, шылдыр шүмекке алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, кішкентай бөбекке неден қиналғандарын жазды.  Үйге балаларға улы өрмекшілер жайлы зерттеу жұмысын жалғастыру тапсырылды.  Оқушылар белсене қатысып, сабақ өз мақсатына

жетті.

Просмотров: 641


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст