2017 жылдың 12 сәуірі күні «My Baikonur»
тақырыбында 4 сыныппен өткізілген іс-шараның есебі
2017 жылдың 12 сәуірі күні Қызылжар орта мектебінде 12 сәуір Ғарышкерлер күнімен сабақтастарылған бастауыш сыныптар арасында семинар болып өтті. Мен ағылшын тілі пәнінен 4 сынып оқушыларымен “My Baikonur” тақырыбында сыныптан тыс презентация қорғау сабағын өткіздім. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты 4 сынып оқушыларының ағылшын тілінде сөйлеу қабілеті дамыту, оқушылардың ғарышқа деген қызығушылығын арттырып, Отанына деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын күшейту болатын.
Сонымен қатар оқытуда жаңа технологияларды қолдана білуге үйрету де басты мақсаттарымның бірі болды.
Презентацияны қорғау сабағы жоғарғы деңгейде өтті деген сенімдемін, себебі мен алдыма қойған мақсатыма артығымен жеттім. Сабақ оқушыларға да, қонақтарға да ұнады. Оқушылар Сабақта Байқоңыр туралы, ғарыш туралы өте көп мәлімет алып, және өздерінің аспан әлемі туралы көп білетіндігін көрсетті.