Cабақтың тақырыбы: Улы өрмекші тәрізділер
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың ерекше тобы - улы өрмекшітәрізділер туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушылардың білімін бекітіп, тереңдету; оқушылардың жануарлар әлемі туралы түсінігін қалыптастыру. Оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізіп,жоба жасай білуге үйрету.
2.Дамытушылық: Жануарлардың түрлерін айыра білуге, қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
3.Тәрбиелік: Серуендеген кезде кенеден сақтану жолдарын , табиғатты аялауға баулу.
Көрнекілігі: « Өрмекшітәрізділер» суреттері, слайд,видео
Сабақтың барысы:
Психологиялық ахуал.
- Балалар, канекей бір-бірімізге қарап, бүгінгі сабаққа жақсы тілектер тілейік.
Миға шабуыл.
- «Өрмекші» дегенде ойларына не келеді? (жеке,жұпта,топта)
Мағынаны тану.
- Балалар, бүгінгі сабақта біз ғылыми зерттеу, яғни жоба жасап үйренеміз. Жоба кітапшасының 1ші бетіне зерттеу
объектісінің атауын және мақсатымызды жазамыз.
Видео көрсету «Өрмекшітәрізділер»
- Сонымен өрмекшінің қандай түрлері болады екен?
Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінді оқыту.Оқушылар мәтінінді оқи отырып, жобаны толықтырып отырады. Оқушылар алдарына берілген қосымша мәліметтермен жұмыс жасай отырып, жобаның өрмекшітәрізділердің көбеюі, тіршілік ортасы, пайдасы мен зияны бөлімдерін зерттейді, суретін салады.
Видео «Өрмекші туралы 10 қызық мәлімет». Кітапшаның «қызықты деректер» бетін толтыру.
Сергіту сәті. «Көріңіз!Қызық!» видеосын тамашалау.
«Синквейн» бес жолды өлең құрастыру.
1.Өрмекші
2.қорқынышты, жыбырлақ
3. тор құрады, көбейеді, шағады
4. Өрмекшілердің түрлері өте көп.
5. Жәндік
Ой толғаныс.
«Бес саусақ» стратегиясы.
Бас бармақ – Не үйрендім?
Балаң үйрек – Неге көңіл аудару керек?
Ортан терек – Кімге көмектестім?
Шылдыр шүмек – Алған әсерім, көңіл-күйім.
Кішкентай бөбек – Неден қиналдым?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру. Қосымша әдебиеттерден өрмекші тәрізділер туралы оқып, зерттеу жұмысын жалғастыру.
|