«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.03.2017

Қайсар қыздар!

Қызылжар орта мектебінде оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануы мақсатында 2014 жылдан мектеп ашылуынан бастап, Каратэ, джиу-джитсу, хореография үйірмелері қарқынды жүргізіліп келеді. Оқушылар бұл үйірмелерге белсене қатысады. Қатысып қана қоймай, биік шыңдарды бағындырып жүр. Оған мысал: 2017 жылдың 16-19 ақпан аралығында Алматы қаласында өткізілген Джиу-Джитсудан Қазақстан Республикасының

кубогында Неваза және Файтинг систем бөлімдері бойынша мектебіміздің 8 сынып оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 44 келі салмақ дәрежесінде Асылбекова Аңсара   Неваза-систем бөлімі бойынша 3 орын, ал Файтинг-систем бөлімі бойынша 1 орын алды. Жекен Дауыл 40 келі салмақ дәрежесінде Неваза-систем бөлімі бойынша жүлделі 1 орынға ие болды. Шәкірттерінің биік жетістіктерге жеткендігіне оқушылардың бапкерлерінің еңбегі зор екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан бапкер Жангужин Мухит Сартаевичке алғысымызды білдіреміз.

Қазақ халқы – жауынгер халық. Ерлері ғана емес, талай батыр қыздарының болғанына тарих куә. Мектебіміздің қайсар қыздарына алдағы уақыттарда осындай батырлық көрсете беруін тілейміз. Жеңіс құтты болсын!

Мектеп мұғалімі: Мадинаш Айсұлу

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст