«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.03.2017

«Қыз сұлу көрінеді әдебімен»

 Іс-шараның мақсаты:

«Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты байқаудың жобасы

қыздарымыздың әдептілік пен имандылыққа, ақылдылық пен сымбаттылыққа, өнерлілік

пен пысықтыққа баулу барысында тәрбиелеу және болашақ аяулы ана, асыл жар,

үлгілі келін ретінде қыздарымыз өз-өздерін қалыптастыру мақсатында байқаудың

шарттары негізінде, өздерін сынап көруге, өздерін көрсетуге мүмкіндіктер жасау

болып табылады. 

1.Жүргізуші

 «Қыз сұлу көрінеді

әдебімен» атты тақырыпта қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау

қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан

сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады, сондықтан ибалы,

инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер!

(Музыка ырғағымен жүргізушілер шығады).

2.Жүргізуші

 Армысыздар, жиналған қауым, қадірменді

әділ-қазылар алқасы! Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей сызылған,

мақпалдай масаты, қарлығаштын қанатындай, қиғаш қасты, раушан 0гүлдей хош иісті

сымбатты арулар! Ендеше, салтанатты кешіміздің беташарын мектебіміздің  өнерпаздары Мадихан мен Райымбектің  «Аяулы анашым» әнімен ашады.

1. Жүргізуші

 Ендеше сайысқа қатысқалы отырған қыздармен

таныс болыңыздар.

…………………….біздің

тұр жарап

Өн бойында бар талап

2.Жүргізуші

Диана қыз елгезек,

Алады тез тіліңді.

1.Жүргізуші

Сүйрік қыз мақпалдай

Ағарып таң атқандай

2.Жүргізуші

Біздің Нұрай шығады,

Бұрымдары желбіреп,

1Жүргізуші

Аңсара біздің білімді,

Меңгерген бар ілімді.

2Жүргізуші

Алтыншы қыз Аида ару үлбіреп,

Қос жанары мөлдіреп.

 (әр қыз сәлемдесе, дөңгелене т.б. қимылдарменортаға шығады)

 2.Жүргізуші

Аруларымызға жыр көрімдік ретінде «Қыз сұлу көрінеді

әдебімен» атты поэзиялық өлеңімен 8 сынып оқушысы Мерейді ду қол шапалақпен

ортаға шақырайық:

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен

Қыз сұлу көрінеді шашыменен

Ай қабақ қиғаш қара қасымен

Қыз сұлу  көрінеді толған айдай

Он

бес пен он сегіз де жасыменен

Қыз

сұлу көрінеді өрнегімен

Тізілтіп

сөз маржаным тергенімен.

Майысып

бұратылып, майда басып,

Жаныңа

наз қылықпен келгенімен

Дарытқан

бар асылды өз елімен,

Қыз

сұлу көрінеді өнерімен.

Құлпырады

мектебімнің арулары,

Өткендей

сұлулықтың елегінен.

Көрімдікке

жырымды беремін мен

2Жүргізуші 

Ендігі кезекті біз осы сайсымыздың  әділ бағасын беріп,көктем ханшайымын

тағайындайтын әділ қазылармен таныс болайық

1.

Жүргізуші 

1.

2.

3.

4.

5

2-жүргізуші

Құрметті көрермендер, енді бүгінгі байқаумыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар

 

  1. «Мен қазақтың қызымын» (Арулар әнмен, өлең, слайд  түрінде өздерін таныстырады.)Өзін
  2. таныстыру
  3.  «Өнерлінің өрісі кең» Өз өнерін
  4. көрсету
  5. Флешмоб(сыныбымен
  6. ұйымдастыру)
  7.  Сұрақ-жауап
  8. Сән үлгісі (Көктемдік
  9. нақышта)
  10.  «Ас- адамның арқауы» салат
  11. түрлерін жасау

Әр сайыс біткен соң әділхазылар бағасын беріп отырады

1 жұргізуші

 1САЙЫС «ТАНЫСТЫРУ» 

2. Жүргізуші 

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін

Бәсекеге түскен алты ару кезектесіп

Таныстырып өздерін өтер деймін

Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін – кезекті, аруларға берсем деймін.

(Байқауға қатысушы 6 қыз кезекпенен музыкалық әуеннің

сүйемелдеуімен шығып слайд шоудың немесе қара сөздермен өздерін таныстырады)

Содан кейін әділ-қазылар алқасы өздерінің алдында тұрған

ұпай сандарын көрсетеді

 1. Жүргізуші 

2 САЙЫС «Өнерлінің өрісі кең»

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би

билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі

қыз сынында бәйге алуға,

Арулар

аянбай-ақ жан салыпты

Алты

қыз өз өнерлерін көрсетеді.

(Қыздар

өздерінің өнерлерін кезекпенен көрсетеді)

Содан

кейін әділ-қазылар алқасы өздерінің алдында тұрған ұпай сандарын көрсетеді

3 сайыс  Сайыс  Флешмоб

 

2жүргізуші: Жұлдызды жүзік

Айды алқа ғып берейін.

Келші көзім күн бетіңді көрейін

Сүйші сәулем тұншығып мен өлейін

 

1жүргізуші  Жет,жұлдызым, жылжып қана жібектей.

Жұлдызды жүзік, айды алқа ғып берейін.

сөзің сиқыр, есті тұман басқандай.

Ессіз жүрек дария болып тасқандай

 

2жүргізуші: Күлкің, күнім, күндей күміс табаққа

Мінез сұлу меруертті шашқандай.

Шашың –толқып, жүрегімнің жарына

 Соғылды да, батты

улы зарыма.

 

1жүргізуші: Айнам, саған арнап  жырлар жазамын.

Қаламымды малып жүрек қанына-

 

Мағжан Жұмабаев жазғандай ортаға аруларымыздың ендігі

кезекті  флешмобын  тамашаланыздар

 

Көрерменмен ойын

 

5 сайыс . Сұрақ жауап

2. Жүргізуші

 Жекжат кім, жұрағат кім, жамағат кім

Көңіліне тоқып бәрін журме екен

Туысты қалай атау керектігін

Кәнеки, біздің қыздар біле ме екен?

Демекші келесі сайысымыз инттеллект сайысы

 

 

1. Жүргізуші

 Сұрақтар:

–         1.

Анасы мен енесі, қызымен келіндеріне қонақ келуге байланысты қандай ақыл айтуға

тиісті?

–         2. Үйге

көрші ауылдан сүйінші сұрап қонақ келді, сіз қалай қарсы аласыз?

–         3.

Қонақтың түрлері?

–         4. Үйге

келген қонақ кетуге даярлана бастады қалай шығарып саласыз?

–         5.

Қонаққа байланысты қандай мақал-мәтел білесіз?

–         6.

Нағашы кім болады?

–         7. Бөле

деген кім?

–         8.

Төркін дегенді қалай түсінесің?

–         9. Әже

кім?

–         10.

Ағайынды деп кімді айтамыз?

–         11.

Абай Құнанбайұлы кім? Оның бір өлеңін оқы?

–         12.

Алып аналарды ата?

–         13.

Шығыстың бұл-бұлы атанған әнші кім?

–         14.

Шығыстың қос жұлдыздарын ата?

–         15.

Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай жылы туылған?

–        

16. ҚР конституциясы қай жылы қабылданған?

 

(Қорытынды

бағаны әділ қазылар көрсетеді)

 

6 сайыс . Көктемдік сән

үлгісі

2.

Жүргізуші

 Сымбатына сән киім жарасатын

Аспандағы

ай менен таласатын

Өнеріне

көркі сай

Аруларға

қызығып қарасасың

Ендігі

кезекте  «Адам көркі шүберек» демекші сән үлгілерін қыздарымыз көрсетеді

 

музыканың

сүйемелдеуімен қыздарымыз  ортаға

шақырамыз

(Қорытынды

бағаны әділ қазылар көрсетеді)

 

8 сайыс «Ас- адамның арқауы»

 Қонақ

келсе-құт

Барыңменен

күт- деп аталады.

Халқымыздың

талай ғасырлардан келе жатқан жақсы салты- қонақжайлылық қонақ күту рәсімі

талай өлең-жырға негіз болған. Арабтар: «Қонақ тәңірі жіберген сый» десе,

қазақтар: Қырықтың бірі- қызыр, мыңның бірі Уәли,  «Қонақ келсе-құт,

барынменен күт»- дейді.

 

(жасап

келген салаттарын көрсетеді) 

Көрсетті

өнер әр салада сайысып

Қимылдары

бір жүргендей жай ұшып,

Мерекелік

ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз

дем арада майысып.

 1.     Жүргізуші:

 Кімдер жүйрік,өнерпаз

білейікші,

Мектебіміздің

аруы деп жүрейікші

Әділқазыларға

тек әділдікті,

Ал

аруларға тек сәттілік тілейікші.

Құттықтайық

ал енді,ару болған баланы

Өрге

жүзіп өнері,тауға өрлесін талабы.

2 жүргізуші

әділ-қазылар

алқасы жалпы шешім шығарғанға дейін сіздердерге 8 сынып жигиттерінің квн қабыл

алыңыздар

8

сынып КВН

 2.    

Жүргізуші:

Құттықтайық ал енді

ару болған баланы,

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін

талабы,

Қуанышпен жанары,

Шоқтай болып

жанады.- деп осы бүгінгі кештің аруының кім екенін білсек қайтеді.Қорытынды сөзімізді әділ қазыға берейік

 1Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»- деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,

Сүймеген

сені азамат азамат па,

Көңілім-

тәрізді аппақ таза мақта,

Бәрін

айт бірін айт та лайықссың

Қазақтың

қызы деген ғажап атқа- деп сайысымызды аяқтаймыз. Бұл жиыннан әр қайсымыз

өзімізге үлкен ғибрат алдық деп ойлаймыз. Құрметті қонақтар келгендеріңізге

көп-көп рахмет, сау саламат болыңыздар!

Просмотров: 639


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст