Ұстаз, ұстаз емес – өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт,
шәкірт емес – өз ұстазын сүймесе
«Өнер» бірлестігінің аудандық семинары
Қызылжар орта мектебінде 2017 жылдың 2 наурыз күні «Өнер» бірлестігінің апталығының
аясында «Ұстаз, ұстаз емес – өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт, шәкірт емес – өз ұстазын сүймесе» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Мақсаты: Оқушылардың өнерге, білімге деген қызығушылығын, ықыласын, ынтасын, шығармашылығын, рухани байлығын арттыру. Эстетикалық тәрбие бере отырып,оларды қазақ халқының көне мұраларын
қастерлеуге, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, ой-өрісін кеңейтуге баулу, есте сақтау қабілетін дамыту.
Міндеттері: Сабақта жаңа инновациялық технологияларды, АКТ-ны пайдаланып жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру. Ән, би, бейнелеу өнері, технология, дене шынықтыру сабақтарында өз білімін жетілдіру арқылы жаңа заман инновациялық технологияларды меңгерту.Түрлі мүмкіндіктерді жүзеге асыруда жан-жақты ізденімпаздықты талап ету.
Семинар мектебіміздің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары А.С.Абишеваның алғы сөзімен ашылды. Айсұлу Сағадиевна мектебіміздің жұмыс бағытымен және семинар жоспарымен таныстырды. Жайлы атмосфера қалыптастыру мақсатында мектеп психологы Кекілбек Г. тренинг өткізді. Тренингте семинарға келген ұстаздар өздерінің бойындағы асыл қасиеттерін айтып, бір-бірімен танысты.
Бірінші сабақта үш мұғалім сабақтарын көрсетті:
Технология пәнінің мұғалімі – Рахимжанова А.Н. қыздармен «Гүл шоқтары» атты сабағында оқушыларға еліміздің
табиғатының ғажайыптарын түсіндіріп, гүлдерге тән қасиеттермен танысып, капрон материалынан гүл жасады. Жас маман болса да, өзінің сабағын жетік білетінін көрсетті.
8-сынып ұлдар тобында І санаттағы технология пәнінің мұғалімі Абдильдинов К.Д. өткізді. Күнтүбек Джиенбековичтің әдістемелік тақырыбы «Ұлттық өнерді дәріптеу» болғандықтан, қазақтың қара домбырасын жасады. Оқушылардың бойына ұлтжандылықпен қатар эстетикалық биік талғамды сіңіре алды.
«Болашақ сарбаз» тақырыбында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ильясов Е.М. 10-сыныпта
өткізді. Сабақта автоматты шашу, оны жинау, противагаз кию т.б. сақтық шараларын үйретіп, болашақ сарбаздың өз елін қорғай алу керектігін түсіндіріп, әр оқушының бойынан патриоттық сезімді оята білді.
Екінші сабақта екі мұғалім ашық сабақ берді:
Дене шынықтару сабағының мұғалімі, жас маман Газизов Ж.С. «Волейбол» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен жүргізді. Волейболдың тарихын түсіндіріп, қыр-сырын аша білді. Жалпы дамыту жаттығуларын жасап, әдістемелік тұрғыда оң бағаланды.
Абаев Е.Т. 5-сыныпта «Айша Ғалымбаева – қазақ суретшісі» тақырыбындағы бейнелеу өнері сабағында жас маман өз іскерлігін көрсете алды. Халқымыздың ұлы суретші қызының қылқаламынан шыққан ерекше туындыларымен таныс болып, Айша Ғалымбаеваны мақтан тұтып, сурет өнеріне қызығушылықтары оянды. Суретшіге еліктеп, оқушылар ерекше бір құлшыныспен сурет салды. Оқушылардың салған натюрморттары көрмеге қоярлықтай ерекше шықты.
Үшінші сабақта да екі мұғалім ашық сабақ берді:
Тағы да Газизов Ж.С. жас маманның ұйымдастыруымен ойын десе жанын беретін 4-сынып оқушылары арасында эстафеталық ойындар өткізілді. Оқушылар сабақта белсенділік танытып, аса бір құлшыныспен жарысып,
өздерінің салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын, жинақы екендігін көрсетті.
Музыка пәнінің мұғалімі Жұманбаева А.Р. өткізуімен 6-сынып оқушылары вальс королі – Ш.Қалдаяқовтың
өшпес мұрасымен танысты. Біртуар композитордың қазақ халқының музыка жанрында еткен ерен еңбегі туралы айтылып, оның қанша уақыт өтсе де халық жүрегінен орын тепкен әндері шырқалды. Шәмшіге анасының айтқан «Әніңді тастаушы болма» деген өсиеті мен «Ана туралы жыр» әнінің шығу тарихы туралы көрініс қойылды. Сабақ
соңында қазақ халқының бас әнінің дүниеге әкелгендігі де айтылып, ұлтжандылықты дарыту мақсатында Әнұран орындалды.
Түскі астан соң, қонақтар көрген сабақтары туралы оң пікір білдіріп, «Жас талап» драмалық үйірмесі ұйымдастырған М.Әуезов шығармашылығынан алынған «Оқыған азамат» прозасы негізінде қойылым
сахналады. Үйірме жетекшісі Ахметбекова К.К. оқушылардың әртістік шеберлігін оята білгендігін көруге болады.
Би үйірмесіндегі мектептің бишілері ұйғыр және орыс билерін аса бір шеберлікпен, мың бұрала биледі.
Семинарға келген ұстаздар мектеп оқушыларының өнердің сан қырын меңгергендігін, сегіз қырлы, бір сырлы екендігіне көздері жетіп, өз алғыстарын білдірді. Өз кезегінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.С.Абишева да семинарға қатысушыларға рақметін айтып, ақ жол тілеп шығарып салды.