«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

18.02.2017

Сабақтың тақырыбы: «Физика әлемі – білім теңізінде» зияткерлік сайыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін анықтау

Дамытушылық мақсаты: Қоршаған ортамен байланысты түрлі құбылыстардың мәнін

ашуда оқушының ой-қиялын дамыту,пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі басқаруын қалыптастыру.

Сабақтың түрі:   Зияткерлік сайыс

Сайыстың барысы:

 І.Ұйымдастыру.

Сыныптың ішін тақырыпқа сай безендіру физика пәніне байланысты қанатты сөздер

1-жүргізуші:    

Армысыздар, ағайын,

Есенбісіз, ұстаздар

Шаршамайтын қыс –жаздар.

2 - жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен

Тәрбиелі, білімді боп әрқашан

Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!

1 - жүргізуші:

Физика - табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,

Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап

Артыңнан қалмайды екен тіріде ол.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Космос кораблі, атылған тас

Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр

Бәрінің бағынары физика ғой!

Сондықтан табиғаттың сырын терең

Деушіге: оқып, зерттеп, білем, көрем,

Демесең болсын егер еңбегің еш

Әуелі физиканы оқы дер ем!

2 - жүргізуші: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»- деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз!

Сондықтан да бүгінгі «Физика әлемі – білім теңізінде» атты сайысқа қош келіпсіздер! Бүгінгі сайыста 8-9 сынып оқушылары білімдерімен, тапқырлығымен,

іскерліктерімен сынға түскелі отыр.

2 - жүргізуші: Олай болса бүгінгі сайысымыздың шарттарымен  таныстырып өтейін.

Бүгінгі біздің сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

1. «Танысайық» (топтардың өздерін таныстыруы)

2. «Кім жүйрік ойға, сол алда» (логикалық сұрақтарға жауап беру)

3. «Физика қиын, ашиды миың», (берілген әріптерден формула құрастыру)

4. «Сырлы сұрақ», (жасырын ұяшықтар)

5. «Сіз білесіз ба, бұл кім?»

6.«Жұмбақтар сыр шертеді» (физикаға байланысты жұмбақтар жасыру)

7. «Есепке кім жүйрік», (капитандар сайысы)

1 - жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен танысып алсақ  әділ қазылар алқасын сайлап алайық

1.

2.

2 - жүргізуші: Ендеше сайысымызды бастаймыз.

І бөлім «Танысайық»  Бүгінгі сайыс сабақтың ерекшелігі  қатысушыларымыз  бір отбасынан шыққан оқушылар болмақ.

сайысымыздың қатысушыларымен танысып отейік.

1-ші топ: 8 сынып оқушылары

2-ші топ: 9 сынып оқушылары

1 - жүргізуші:

ІІ  бөлім:«Кім жүйрік ойға, сол алда» (логикалық сұрақтарға жауап беру)

Әрбір команда 5 логикалық сұрақтарға жауап береді  әрбір дұрыс жауап 5 ұпай                                                                                                                  

1.    « 8-ші сынып оқушыларына» сұрақ

1.     Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)

2.    Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)

3.    Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)

4.     Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

5.    Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)                                                                           

6.    Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)

7.    Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма әлде жұқасы ма? ( қалыңы, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)

8.    Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

9.    Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)

10.  Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)                                                                                     

   

2. « 9-ші сынып оқушыларына» сұрақ

1.    Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)

2.    Жерден көтеру оңайбірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)

3.    Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)

4.    Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)

5.    Жазуға болатынхимиялық элемент? ( Бор)                                                                                                             

6.    Қандай моль киімді

жемейді?( Моль - заттың мөлшерінің бірлігі)

7.    Қандай өріске мал жаюға

болмайды?( Электрлік және магниттік өріс)

8.    Орнынан қозғалмай

не өтіп бара жатыр? (Уақыт)

9.    Таудан түскенде

автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)

10.  Не көрінеді, егер

ештеңе көрінбесе? (тұман)                                                                                                               

 2- жүргізуші:  келесі  бөліміміз 

ІІІ бөлім.«Физика қиын, ашиды миың», мына берілген әріптерден 5 минутта қанша формула

құрастыруға болады?, әр дұрыс формулаға 2 ұпай

F, Q, m, N, S, k, g, P, p, V, c, q, t, ρ٫ μ٫ a, v, h, x,

R, r, λ, I,U,υ.

1 - жүргізуші:  Енді, жанкүйерлер арасында «Кім

білімді?», деп топ мүшелері формула құрастырғанша әр топтың жанкүйерлеріне  сұрақтар беріледі, әр дұрыс жауап 1ұпаймен

бағаланып, сол топқа қосымша ұпай болып қосылады.

1. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі? – (кристалдану, қатаю)

2. Қай планетаның сақинасы бар? – (Сатурн)

3. Су неше градуста қайнайды? (1000С)

4. Заттың сұйық күйден, газ күйіне өтуі – (булану)

5. Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)

6.Бөлінбейтін бөлшек – (атом)

7.Ньютонның неше заңы бар? (3)

8.Күнге ең жақын орналасқан планета (Меркурий)

 

IV бөлім «Сырлы сұрақ», (жасырын ұяшықтар)

Бұл сайыста сендер ұпай саны көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы арнайы Сұрақтарға жауап берулерің керек.

Егер жауап бере алмай қалсаңдар келесі топ жауап береді.Ұпай жауап берген топқа беріледі.

 

Логика

10 3 стакан

20 3

30 Талғат

Мсабаев

40 1-2                     

Ереже

10 термоэлектрондық эмиссия

20 вольфрам

30 жылуөткізгіштік

40 адиабаталық

 

 Кешіміздің V туры «Сіз білісіз бе, бұл кім?» деп аталады.Экранда суреті көрсетілген ғалымның есімін

атаймыз.Дұрыс жауап үшін 20 балл беріледі және таба алмаған жағдайда сіздерге 2 жеңілдік ұсынылады.Бірінші жеңілдікті пайдалансаңыздар дұрыс жауап үшін 15 балл , екінші жеңілдікті пайдалансаңыздар дұрыс жауап үшін  10 балл беріледі,  үшінші жеңілдікті пайдалансаңыздар дұрыс жауап үшін  5 балл беріледі.

Роберд Гук

       1635 жыл дүниеге келген. ағылшын физигі.  F=kx

Иссак Ньютон

        1643 жыл ағылшын ғалымы.

Шарль Кулон

     1736 

жыл дүниеге келген. Француз физигі

Әбу Насыр  Әл –Фараби

       1873 жыл қазақтан шыққан тұңғыш физигі

 

Сайысымыздың келесі туры VІ туры « Жұмбақтар сыр шертеді».Бұл турда сіздерге жұмбақ қойылады.. (

жұмбақтың жауабын 3 тілде айтса 30 ұпай, 2 тілде айтса 20 ұпай, 1 тілде айтса 10 ұпай.

1. Жердің жүзін шарлайсын,

      Онсыз еш жерге бармайсын

      Көлікпен де, жаяу да,

      Саралайсың таңдайсын     (Жол- дорога, путь-way)

2.  Барлық денелерге тән,

     Онсыз болмайды сән.

     Әр затта болады ір түрлі,

     Өлшеуге болады дәл.                 (масса-weight)

3. Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйел адамдарға қарағанда, ер адамдарда көп;

Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды;

Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылжыту үшін керек;

                        

( күш- сила-force)

4. Шам, плита жұмысын жасай қалды, Ал, оның есептен – ақ басы айналды            (Электр есептеуіш-сочик-sochik)

 

5. Бар жоғын білмейсің, Онсыз өмір сүрмейсің                                     (ауа-воздух-air)

 

6. Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланар күн  сайын жарық үшін           (Ток-current)

 

7. Адам организмінде бар зат;

Заттың үш күйінің біреуі;

Жерде онсыз өмір жоқ.                     ( су-вода-water)

 

8. Көтерілсе жоғары,

Ерітеді мұхит,

Төмен түссе шамалы,

Сездірер суық ызғарын                      (Температура-temperature)

 

9. Көп болса,

асықпайсың,

Межеттен қашықтайсың

Асықсаң аз болады.

Табасың мұны қайсың                  (уақыт-время-time)

 

VIІ бөлім. Капитандар сайысы

Көзді ашып – жұмғанша

Алты асу астық, тамаша!

Топбасшыны сынайтын кез де жетті,

Батпайтын суға салсаң да!

1 – Жүргізуші: Әр каманданың капитандары берілген есепті шығарулары керек.Жауапты қазылар

алқасына тапсырылады және әр дұрыс есепке 30 балл беріледі.Ендеше іске сәт

достар!  (5 минут)

2-жүргізуші:

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдалды,

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

     Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі

     Болса егер көңіл жақын таңдады.

1-жүргізуші:

Сөз әділ – қазылар алқасына беріледі.

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

Просмотров: 534

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст