Сабақ тақырыбы:
§41 Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақ мақсаты:
1. Электр тізбектері туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, өткізгіштерді
тізбектей және параллель жалғау туралы түсінік беру, тәжірибе арқылы көрсету.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: видеопроектор, компьютер,слайд, ток көзі, амперметр, вольтметр, жалғағыш
сымдар, электр шамдары, кілт.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сынып журналын толтыру.
ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.
1.Электрсыйымдылық дегеніміз не? Оның формуласы?
2. SI жүйесінде электрсыйымдылықтың бірлігі?
2. Кулон заңының формуласы?
3.Кернеулік дегеніміз не және оның формуласы?
4. Конденсатор деп нені айтамыз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.
1-жағдай.Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
Ток көзі және оның полюстерін қосатын өткізгіш тұйық электр тізбегін жасайды. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
U=U1+U2+U3+…
I1=I2=I3=…
R=R1+R2+R3+…
Электр құрылғыларын параллель жалғау.
2- жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток
күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір
өткізгіштің кедергісінен кем болады.
I=I1+I2+I3+…
U1=U2=U3=…
1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…
IV. Тәжірибе жасау
V. Тест
1.Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығы
Жауабы: с) 50 км/сағ
2. Г.Ом заңын қай жылы ашты?
Жауабы: а) 1827ж
3. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6В, кедергісі 3 Ом. Өткізгіштің ток күші
Жауабы: В) 12 А
4. Ток күшінің өлшем бірлігі ?
Жауабы:в) А
5. Шамның қылсымындағы ток күші 0,3 А, кернеуі 6 В. Шамның кедергісі
Жауабы: с) 20 Ом
6. Еркін түскен дененің 6с-тан кейінгі жылдамдығы (g=10м/с2)
Жауабы: а) 60 м/с
7. Электр тізбегі неше бөліктен тұрады?
Жауабы: в) ішкі және сыртқы
8. Ток күшінің формуласы?
Жауабы: с)
9. Кернеудің өлшем бірлігі ?
Жауабы: а) В
10. Электрсыйымдылығының формуласы?
Жауабы:с)
IV. Есептер шығару. 20-жаттығу. №1, №2, №3.
V. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма:
§41Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, №4, №6. орындап келу.